Бүгінде елімізде Конституциялық реформа жобасы бойынша кең көлемді қоғамдық талқылау өтіп жатыр. Бұл – Қазақстанның алдағы жылдардағы даму бағытын, мемлекеттік басқару жүйесінің келешегін айқындайтын аса маңызды кезең.

(Суреттер: kazpravda.kz, gov.kz)
Осыған байланысты біз сарапшылардың пікірін сұрадық...

(Сурет: kazpravda.kz)
Ольга Булавкина, Сенат депутаты:
– Жаңа Конституцияның жобасы еліміздің саяси жүйесін дамытудағы және мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтудағы стратегиялық қадам ретіндегі маңызы жоғары. Жаңа Конституцияның жобасы – ол саяси жүйені жаңарту және биліктің халық алдындағы жауапкершілігін күшейтуге орай стратегиялық таңдау болып отыр. Президенттік бастамаларды табысты іске асырудың негізгі шарты, ашық диалог және азаматтардың қолдауы.
Президенттің бастамалары басқарудың әділетті және тепе-тең үлгісін қалыптастыруға бағытталған. Біздің міндетіміз – азаматтардың тағдырлы шешімдер қабылдауға орай сапалы талқылауды және нақты қатысуды қамтамасыз ету, - деді.

(Сурет: Автордың мұрағатынан)
Алёна Дмитриева, аналитик:
– 2026 жыл Қазақстан үшін кейінге қалдыруға болмайтын және ағымдағы күн тәртібімен шектеліп қалмайтын шешімдер жылына айналып келеді. Мұндай кезеңдерде тарих әдетте қарапайым әрекет етеді. Ол елге ұсақ таңдаулар жиынтығын емес, алдағы жылдардың логикасын айқындайтын бір ғана ірі таңдауды ұсынады. Осы жылдың 15 наурызына жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдумның тағайындалуы және Негізгі заң жобасының жариялануы дәл осы қатардан.
Біз Конституцияны заңгерлер мен мемлекеттік органдардың төңірегінде ғана өмір сүретін мәтін ретінде қабылдауға дағдыланғанбыз. Бірақ іс жүзінде Конституция — бұл қоғамдық келісім. Бұл — биліктің қалай құрылатынын, әділдіктің неге негізделетінін, қандай құқықтар қорғалатынын, қандай құндылықтар іргетас болып саналатынын және саяси турбуленттілік кезеңінде де қандай ережелерді бұзуға болмайтынын анықтайтын негіз.
Мемлекет реформалар жүргізіп, қоғам оны сырттай бақылап отыратын кезеңдер болады. Ал қоғам тең авторға айналатын кезеңдер де бар. Біз қазір дәл осындай кезеңдеміз. Жаңа Конституцияның жобасы жарияланды, талқылау жария деңгейге шықты және ел әрбір азаматтың өз сөзін айтуға құқығы бар сәтке таяп қалды.
Мұнда бір қарапайым нәрсені түсіну маңызды. Референдум мәселесі кімге болмасын жекелеген баптың ұнау-ұнамауында емес. Ол — ережелердің жаңа жүйесіне деген сенім туралы. Әділдікке, дамуға және цифрлық дәуірдің сын-қатерлеріне жауап беретін жаңартылған модель аясында өмір сүруге келісу туралы.
Сондықтан да дауыс беруге қатысу — бұл жай ғана «қорытынды хаттамадағы цифр» емес, ол қоғамның саяси кемелдігінің көрсеткіші. Қатысу деңгейі неғұрлым жоғары болса, болашақ Конституцияның қоғамдық мандаты соғұрлым берік болады. Қамту аясы неғұрлым кең болса, бұл шешімнің кімге тиесілі екендігі төңірегіндегі күмән мен алып-қашпа сөздерге соғұрлым орын аз қалады.
Жобаны дайындау процесінің өзі оған қосымша легитимділік береді. Негізгі заңды талқылауға 130 адам қатысты: олардың арасында сарапшылар қауымдастығы, ғылыми орта, қоғамдық ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері бар. Сонымен қатар, «eGov» арқылы келіп түскен 10 мыңға жуық ұсынысты қамтитын қоғамдық үн қосу ауқымы конституциялық реформаның жабық кабинеттерде емес, кең ауқымды қоғамдық диалог форматында қалыптасып жатқанын көрсетеді, - деді.
Mezgil.kz