Қазақстан соңғы жылдары Ресеймен қарым-қатынасын айқайсыз, ұрансыз, бірақ өте нақты қимылдармен қайта құрып жатыр. Ресми мәлімдемелерде бәрі бұрынғыдай көрінгенімен, іс жүзінде Астана Кремльдің Украинаға қарсы соғысқа негізделген күн тәртібін елдің ішкі кеңістігінен біртіндеп ығыстырып келеді. Бұл әсіресе мәдени салада анық байқалады.

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)
«Бүгін Қазақстан ресейлік соғыс үгітінің сахнасы болудан саналы түрде бас тартты. Ән, концерт, шоу-бизнес — бәрі де бұрын бейтарап көрінетін, бірақ қазір идеологиялық құралға айналған кеңістік. Дәл осы жерде мемлекет өз шекарасын анық сызып отыр», - деп жазыпты Францияның «Le Monde» газеті.
Z-АРТИСТЕРГЕ ЖАБЫЛҒАН ЕСІК
Қазақстанда енді Кремльді ашық қолдайтын немесе Украинаға қарсы агрессияны ақтайтын әртістерге орын жоқ. Бұл тыйым қағаз жүзінде бекітілмеген, бірақ іс жүзінде мінсіз жұмыс істейді. Бір кездері тек Путинді қолдайтын орындаушылар жиналған фестивальдердің тоқтауы, ал Украинаға қарсы мәлімдеме жасаған ресейлік әншілердің гастрольдерінің бір сәтте жойылуы — соның айқын дәлелі.
ТЫЙЫМ ЖОҚ, БІРАҚ ЖОЛ ЖАБЫҚ
Қазақстандағы жаңа тәсілдің ерекшелігі — ашық цензураның болмауы. Ешкім ресми түрде «тыйым салынды» демейді. Алайда, концерт ұйымдастырушылары бірінен соң бірі рұқсат ала алмайды. Себептер техникалық: Бірінде зал жөндеуде, екіншісінде талаптар сақталмаған, үшіншісінде ұйымдастыру шарттары сәйкес емес.
Бірақ бәрі түсінікті. Әртістің кім екені, не айтқаны, соғыс туралы көзқарасы, әлеуметтік желідегі жазбалары — бәрі тексеріледі. Украинаға қолдау білдірсе де, Кремльді ашық жақтаса да — сахна жабық. Қазақстан қақтығыстың бірде-бір жағына мәдени алаң бермеуге тырысады.
Нәтижесінде Қазақстан өзінің мәдени кеңістігін Ресейдің әскери риторикасынан тазартып жатыр. Бұл — декларация емес, практика.
Mezgil.kz