Президенттің кеңесшісі һәм баспасөз хатшысы ауысты

Бүгін Ақорда бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады. Президенттің кеңесшісі һәм баспасөз хатшысы ауысты.

1769670292154869.jpg

(Суреттер: akorda.kz)

Руслан Желдібай қызметінен босатылып, оның орнына бұған дейін ұзақ уақыт ҚР СІМ-інің спикері болған Айбек Смадияр тағайындалды.

Президент Жарлығында:

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды», - деп жазылған.

Президент Жарлығында:

«Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген.

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол 2022 жылдың сәуірінде Президенттің баспасөз хатшысы болды, ал 2023 жылдың қаңтарында Президент Әкімшілігі басшысының орынбасарының қосымша мәртебесін алды. Сол жылдың қыркүйек айында ол Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болды. 2025 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі және баспасөз хатшысы болып тағайындалды; қыркүйекте кеңесші лауазымы Мемлекет басшысының көмекшісі болып өзгертілді.

Айбек Смадияров 1983 жылы Шымкентте дүниеге келген. 2018-2025 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде жұмыс істеп, оның ресми өкілі қызметін атқарған. 2025 жылғы желтоқсанның ортасында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар