Қазақстан президенті «Бейбітшілік кеңесінің» жарғысына қол қойды

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум алаңында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ басшысы Дональд Трамптың бастауымен құрылып жатқан «Бейбітшілік кеңесі» құрылымының Жарғысына қол қойды.


WhatsApp Image 2026-01-22 at 17.21.08.jpeg

(Сурет: Ақорда телеграм арнасы)


«Бейбітшілік кеңесі» Газадағы қақтығыстан кейін, аймақты қалпына келтіру және қақтығысты қайта болдырмау тетіктерін іздейді. Алайда ұйымның әрекет ету аясы Газамен шектеліп қалмайды. АҚШ басшысы «Бейбітшілік кеңесіне» қосылу үшін әлемнің 50-ден астам елінің басшысына арнайы шақырту жіберген. Соның ішінде Қазақстан президенті де бар.


Давостағы форум алаңында «Бейбітшілік кеңесінің» жарғысына 18 ел қол қойды. Трамптың сөзінше, аталған кеңес БҰҰ-мен бірлесе әрекет ететін болады. АҚШ тарапы кеңестің құрамы әлі де артатынын және өзге елдер ұйымға кіретінін айтуда.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар