Тату отбасы - тұрақты қоғам: Алматы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес шараларын күшейтуде!

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту әрекеттері жалғасуда. Мемлекет заңды қатаңдатуда. Отбасы мүшелері арасындағы кикілжіңді азайту мақсатында түрлі кеңес беру орталықтары да ашылуда. БҰҰ дерегі бойынша Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 400-ге жуық әйел отбасындағы зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Алайда бұл нақты дерек емес және ескірген ақпарат. БҰҰ бұл ақпаратты 12 жыл бұрын жариялады және көптеген БАҚ осы деректі әлі жариялаумен келеді. Қазақстан шын мәнінде жағдайды жақсарту мақсатында құқықтық өзгерістер енгізуде.


_gluster_2021_9_6_bd15c61fb09bbeaab0a5c245e032df26_original.66713.jpg

 (Сурет gov.kz сайтынан алынды)


Қазақстан отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту үшін заңды қатаңдатып, әлемдік стандартқа сай өзгертті. ІІМ өкілдерінің сөзінше отбасындағы зорлық-зомбылықтан көбіне әйелдер мен балалар зардап шегеді. Балалар мен әйелдердің құқығын қорғайтын заң өткен жылы күшіне енді. Заң күшіне енгенге дейін де отбасындағы зорлық-зомбылық азая түсті. Алайда процесс тым баяу жүрді. Статистикаға назар аударайық.

 

Отбасындағы зорлық-зомбылық бойынша 2020 жылы 179 мың шағым, 2021 жылы 155 мың шағып, 2022 жылы 115 мың шағым, 2023 жылы 99 мың шағым түскен. Оның ішінде денсаулыққа қасақана зиян келтіру немесе өлім жағдайына апару фактілері де тіркелді, алайда жыл сайын тенденцияның азаюы байқалды. 2020 жылы 1071 іс, 2021 жылы 1022 іс, 2022 жылы 935 іс, 2023 жылы 923 іс тіркелген. Бұл заңды қатаңдатқанға дейінгі көрсеткіш. Ал 2024 жылдан кейін оң тенденция байқалып, отбасындағы зорлық-зомбылық көрсеткіші азайған.

 

Полиция өкілдері отбасындағы жанжалдарға байланысты түсетін арыз-шағым көлемі 20 пайызға азайғанын, ал отбасында болатын қылмыс көлемі 11,5 пайызға төмендегенін айтуда.

 

Алматы қаласы Қазақстандағы ең көп халық тұратын мегаполис. Қалада бейресми 3,5 млннан астам адам тұрады. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты шағымдар да жиі тіркеледі. Қалада жаңа заңға сәйкес үздіксіз іс-шаралар жүзеге асуда. Әйелдер мен балалардың құқығын қорғайтын заңның мақсаты кінәлілерді тауып, жазаға тарта беру емес. Заңның негізгі мақсаты отбасындағы жанжалды азайту, түсіністікті арттыру, қол көтеру фактілерін төмендету болып саналады.

 

Алматы қаласында заң аясында кикілжің жиі тіркелетін отбасы мүшелерімен профилактикалық жұмыс жүргізу, балаларды қолдау орталықтарын ашу, мониторинг топтарын құру, психологтардың тегін кеңесін құру және басқа іске асуда.

 

Алматы – Қазақстандағы ең ірі мегаполис, демографиялық және әлеуметтік динамикасы жоғары қала. Осындай үлкен қалада қоғамның әл-ауқаты мен қауіпсіздігі мәселелері ерекше өзекті. Соңғы жылдары Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреске бағытталған жүйелі шаралар күшейтіліп, мемлекеттік құрылымдар, ҮЕҰ және жергілікті қауымдастықтар біріге отырып кешенді жұмыс жүргізіп келеді. Оның жағымды нәтижелерін де көріп отырмыз.

 

2023 жылы Алматы қаласында 18 мыңға жуық отбасылық тұрмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде шамамен 7,5 мың жағдай бойынша жәбірленушілер полицияға ресми шағым түсірген. 2024 жылы тіркелген деректер 2023 жылмен салыстырғанда 10–12% төмендеген, бұл алдын алу шараларының күшейгенін көрсетеді.

 

Алматыдағы дағдарыс орталықтарында мыңдаған әйел психологиялық, құқықтық көмек алуда. Статистика тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлі де өзекті проблема екенін аңғартқанымен, қалалық деңгейде қабылданған жаңа шаралар оң өзгерістер беріп жатқанын байқатады.

 

Алматыда бірнеше мемлекеттік және мемлекеттік емес дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Олар уақытша баспана ұсынады, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлердің көмегін береді, құқықтық кеңес көрсетеді, балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Қалалық әкімдік бұл орталықтардың қаржыландыруын күшейтіп, әлеуметтік мамандар санын арттырып келеді.

 

Учаскеліп инспекторлар да қаладағы зорлық-зомбылықты азайтуға барын салуда. Арнайы тіркеуде тұрған отбасыларға барып, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жасайды. Бұл тек тізімдегі отбасы мүшелерін ғана емес, сонымен бірге тұрғын үй кешеніндегі барлық азаматтарды да қамтиды.  

 

Мектептер мен ЖОО-ларда кең көлемді түсіндіру жұмыстары іске асып жатыр. Жас ұрпақты отбасында тыныштық, құрмет пен түсіністік болуға үйретуде. Арнайы тренингтер де өтіп тұрады. Студенттер мен оқушыларға заңдағы өзгерістер жайлы айтылады.

 

Алматы қаласы отбасындағы зорлық-зомбылықты азайту үшін түрлі форумдар мен жиындарды да өткізуде. «Үлгілі отбасы», «Әкелер форумы» іспеттес шаралар ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Мектеп оқушыларының ата-аналары арасында да отбасындағы тату атмосфераны арттыру ойындары ұйымдастырылады. Бұл әрекеттің барлығы бақытты отбасы санын арттыру үшін жасалуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар