Жасанды интеллект және жауынгер: Қазақстан қандай шешім қабылдады?

Жасанды интеллект барлық салаға дендеп кіруде. Соның ішінде қорғаныс саласы да бар. Қазіргі сәтте жасанды интеллект арқылы әскери операциялар жоспарланып, шешімдер қабылдануда. Ал дрондар ЖИ арқылы соққы жасауда. Қазақстан да бұл жаңашылдықтан кенде қалмайды. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу және дамыту жөніндегі арнайы бөлімше құрылды. Бұл әлемдік тенденцияға сай қабылданған шешім деуге толық негіз бар.


6526257bbc914833854982.jpg

 (Сурет sarbaz.kz сайтынан алынды)


Жаңа құрылым Қарулы Күштердің цифрлық трансформациясының негізгі элементіне айналады. Бөлімше көптеген міндеттерді атқарады. Соның ішінде деректерді талдауға арналған жасанды интеллект шешімдерін әзірлеу және енгізу, басқару үдерістерін автоматтандыру, жедел жағдайларды модельдеу және заманауи әскери жағдайда шешім қабылдау жылдамдығын арттыру сынды әрекеттерді іске асырады. Жасанды интеллект арқылы енді сарбаздарды қандай әскери бөлімшеге жіберетінін де анықтауға болады. ЖИ сарбаздың физикалық мүмкіндіктері, тұрғын аймағы, қабілетіне қарай оны тиісті бөлімшеге бағыттай алады.

 

Жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы әскерді модернизациялау іске асады. Бұл қорғаныс саласындағы жаһандық үрдістерге толық сәйкес келеді.  

 

Арнайы бөлімше отандық және шетелдік ғылыми орталықтармен, университеттермен және IT-компаниялармен ынтымақтасатын болады. Мұндай тәсіл қорғаныс саласына озық технологияларды енгізуге және жасанды интеллектті әскери мақсатта қолдануға мүмкіндік береді.

 

Жасанды интеллектті енгізу жөніндегі бөлімше құру ұлттық қорғаныстың тиімділігін, қауіпсіздігін және тәуелсіздігін арттыруға бағытталған жаңа басқару архитектурасын қалыптастырудағы стратегиялық қадам ретінде қарастырылған еді. Аталған маңызды шешім дер кезінде қабылданды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар