Қазақстан инклюзивті қоғамды құру мақсатында қадамдар жасауда. Кез келген әрекет ең алдымен заңнамалық негізде рәсімделуі тиіс. Соған байланысты бірқатар заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Жаңа құжаттар қабылдануда.
(Сурет advgazeta.ru сайтынан алынды)
2021 жылы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңы арқылы білім беру саласында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған түзетулер енгізілді. Бұл аса маңызды қадам болды. Себебі осы арқылы ерекше күтімді қажет ететін балаларға білім ошақтарында тең дәрежеде білім алуға жағдай жасалуда.
Артынша «Білім туралы Заңы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық‑педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңы», «Баланың құқықтары туралы Заңы» секілді заңдарға түзетулер енгізілді. Осылайша инклюзивті білім беруге қатысты жағдай жасала бастады.
2024 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы инклюзивті саясаттың 2025 – 2030 жылдар туралы тұжырымдамасы бекітілді. Осылайша Қазақстан 2030 жылға дейін инклюзивті саясатты іске асырудың басымдықтарын айқындап алды.
Қазақстан инклюзивті қоғамды құру бойынша заңнамалық базаны дамытуды жалғастыра бермек. БҰҰ-ның аясындағы ұсыныстар да тиісті құжат негізінде рәсімделуде. Еліміз азаматтардың физикалық мүмкіндіктерінің ерекшелігіне қарамастан барлық жанға тең мүмкіндік ұсынуға тырысады. Бұл ең алдымен заң жүзінде рәсімделеді.
Mezgil.kz