Қазақстанның бітімгерлік миссиясы: Пашинян алғыс айтуда!

Қазақстан медиатор ретінде әлем елдерінің арасындағы қақтығысты диалог арқылы шешуді ұсынып келеді. Сирия соғысында Қазақстан «Астана процесін» ұсынып, билік пен оппозиция арасындағы қанқұйлы қақтығыстың қарқынын азайтып, біршама келісім жасауға ықпал етті. Гуманитарлық миссиялар да іске асты.


5458537223285767602.jpg

 (Сурет haqqin.az сайтынан алынды)


Қазақстан әлем елдері арасындағы кикілжіңдерді тек келіссөз арқылы шешуге болады деп санайды. Әлем елдеріне ядролық қарудан бас тартып, ядролық қарусыз әлем орнауын ұсынып келеді. Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату үшін де келіссөз алаңын ұсынды.

 

Қазақстан Кавказдағы қақтығыстарды да реттеудің жолын ұсынған. Армения мен Әзербайжанның СІМ басшылары Алматы қаласында кездесулер өткізді. Қазақстан билігі Әзербайжанмен келіссөз өткізіп, Армения аумағына транзит ашуды сұрады. Бұл өз нәтижесін берді. Ендігі таңда Қазақстанның астығы Әзербайжан аумағы арқылы Арменияға тасымалданады. Бұл туралы Арменияның экономика министрі Геворг Папоян күні кеше былай деді: «Жақында Қазақстанның астығы Арменияға жеткізіледі. Ол Ақтау-Баку бағыты арқылы жеткізілген алғашқы партия болмақ. Артынша Әзербайжан, Грузия теміржолдары арқылы біздің аумаққа келеді», - дейді.

 

Ал бүгін Тбилисиде өтіп жатқан «Жібек жолы» форумында Армения премьері Пашинян Қазақстанға алғыс айтты. Ол: «Әзербайжан өз аумағы арқылы Арменияға жүк кіргізуге рұқсат ететін болды. Бұл өте маңызды шешім саналады. Сол үшін мен Қазақстан тарапына, президентіне алғыс айтамын. Грузия премьеріне де алғысым шексіз. Олар бұл келісімнің іске асуына барын салды», - дейді.

 

Осылайша Қазақстан дипломатия және диалог қағидаты арқылы күрделі мәселелерді шешіп, мемлекеттердің ықпалдасуына үлес қосуда.


Mezgil.kz

 

 

 



Ұқсас тақырыптар