Қазақстан дінаралық татулықты сақтауға барын салып келеді. Елімізде сан түрлі дін өкілдері жиналған. Біз үшін қоғамдағы татулық пен тыныштық аса маңызды. Мемлекет осы мақсатта түрлі шараларды іске асыруда. Соның бірі «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі» деп аталады. Бұл біздің еліміздің бастамасымен өткізілетін бірегей халықаралық форум. Оның басты мақсаты әртүрлі діндер мен мәдениеттер арасындағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайту, толеранттылық пен рухани келісімді арттыру болып саналады.

(Сурет akorda.kz сайтынан алынды)
Бірінші съезд 2003 жылы Астана қаласында өтті. Оған ислам, христиан, иудаизм, буддизм, индуизм, даосизм және басқа да діндердің өкілдері қатысты. Міне, содан бері бұл форум әр үш жыл сайын өткізіліп келеді. Съезд тұрақты түрде «Бейбітшілік және келісім сарайында» ұйымдастырылады.
Съезд барысында сан түрлі бағыт қарастырылады. Түрлі мәселе талқы болады. Мысалы әлемдегі қақтығыстарды діни жолмен шешу жолдарын талқылайды, дін мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасы туралы пікір алмасады, жастар тәрбиесі, рухани және моральдық құндылықтар мәселелерін көтереді, экстремизм мен радикализмге қарсы күрес тақырыбында үндеулер жасап, шешімдер қабылдайды.
Бұл жиын әлемнің түкпір-түкпірінен дін басшыларын, әйгілі саясаткерлер мен танымал дін ғалымдарын бір үстел басына жинауда. Мысалы, Ватикан, Әл-Азһар университеті (Мысыр), Ресей православие шіркеуі, Дүниежүзілік ислам лигасы және басқа да беделді ұйымдар қатысып келеді.
Съездің қорытындысы ретінде декларациялар қабылданады.Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі – тек Қазақстан үшін емес, бүкіл адамзат үшін маңызды рухани алаң деп айтсақ қателеспеспіз. Түрлі дін өкілдерін біріктіріп, бейбітшілік, татулық және өзара сыйластықтың символына айналды.
Mezgil.kz