Туған күнге нағыз сыйлық: АҚШ зымыраны Мәскеуді тәубесіне түсіре ме?

Өткен аптаның аяғынан-бері АҚШ, Украина мен Ресейдің ақпараттық кеңестігінде «Tomahawk» зымыранының Украинаға берілуі жайлы бастама ызу-қызу талқы тудыруда.

1759834738961868.jpg

Аталған зымыранның Украинаға берілуі туралы талқыға АҚШ вице-президенті Венс те, Украина президенті Зеленский де айтқан болатын.

Әуелі АҚШ вице-президенті Венс: «Ресей соңғы апталарда екіжақты және үшжақты келіссөздерден бас тартуда. Көптеген адам қырылып жатыр. Қырылып жатқандардың көбі ресейліктер. Майдан даласында жетіп жатқан жетістіктері шамалы. Кремль тағы қанша сарбазын алақандай аумақ үшін құрбан етпек? Украина бізге ресми сұрау жолдап, алыс қашықтыққа соққы жасайтын «Tomahawk» зымыранын беруді өтінді. АҚШ қазір аталған зымыранды Украинаға беру мәселесін талқылап жатыр», - деді.

Украина президенті Зеленский: «Біз қазір майдан даласында қолданып жатқан қарулардың басым көпшілігі өз өндірісіміз. Одақтастарымыздан да қарулар алып отырмыз және оларды тиімді пайдаланудамыз. Біз жақында АҚШ-тан жойқын қару сұрадық. Және одақтасымыз бізге жақында біз сұраған қаруды беріп қалуы әбден мүмкін», - деді.

Ал бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп: «Украинаға «Tomahawk» зымыранын беру туралы шешім алдында тұрғанын», - айтты. Бірақ: «Алдымен ол зымыранды қолдану бойынша Украинаға қоятын сұрақтары бар екенін, қақтығысты ушықтырғысы келмейтінін», - айтты.

РЕСЕЙДЕГІ 2 МЫҢ ӘСКЕРИ НЫСАНҒА ҚАУІП ТӨНДІ!

Ал америкалық соғысты зерттеу институты ISW: «Украинаға «Tomahawk» берілетін болса, Ресейдің 2 мың нысанына қатер төнеді», - дейді.

ISW сарапшылары «Tomahawk» зымыранының жою радиусына Ресейдегі 2 мыңға жуық әскери-өндірістік нысан кіретінін, соның ішінде «Шахед» соққылаушы дрондарын жасап шығаратын Алабұғадағы (Татарстан) зауыт пен Энгельстегі бомбалаушы ұшақтар тұрған стратегиялық әуе базасы да кіретінін айтады.

«Tomahawk» зымыранының 1600 шақырымға жететін нұсқасы – Ресейдегі 1655 нысанға қауіп төндіреді. Ал 2500 шақырымға жететін түрі – Ресейдегі 1945 әскери өндірістік нысанға тікелей қауіп төндіреді.

Украиналық сарапшылар: «Трамп аталған қару түрін Украина бірден бермей, бірнеше айға созып, зымыранды қолдануға қойылған кейбір шектеулерді біртіндеп алып, Путиннің реакциясын  аңдып көрмек», - дейді.

ПУТИННІҢ ТУҒАН КҮНІНЕ СЫЙЛЫҚ...

Ал ISW: «Путин қазіргі таңда АҚШ тарапының Киевке «Tomahawk» зымырандарын бергізбеу әрекеттерін жасап, барын салуда. Путин сес көрсетуден бастап, екі жақты қатынасты жақсарту жолдары жайлы да айтып, сигналдар жіберуде», - дейді.

Тақырыпқа тұздық: Бүгін Ресей президенті Владимир Путиннің туған күні. Ол қазір 73-те. Ресей билігін экс-президент Борис Ельциннен мұраға алған Путин (1999 жыл) содан бері тізгінді ешкімге берген жоқ. 2008-2012 жылдар аралығында президенттік креслоны досы Дмитрий Медведевке уақытша тапсырғанымен, іс жүзінде билікті уысынан шығарған жоқ. Өзі Ресей Үкіметін тізгіндеді. Путин-Медведев тандемі кезінде жаһандық саясатқа «премьерзидент» деген бейресми термин сол кезде енген.

Дәл бүгін АҚШ президенті Трамптың «Tomahawk» зымырандарын Украинаға беру туралы сөз қозғауы – Путиннің туған күнімен тұспа-тұс келді. Сарапшылар, бұдан символикалық мән іздеуде.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар