Таза Қазақстан: «Алматы – ортақ үйіміз» экологиялық акциясы жалғасады

Елімізде Республика бойынша «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көптеген іс-шара өтуде. Әсіресе ірі мегаполис саналатын Алматы қаласында бұл бағдарлама жоспарлы түрде жүзеге асуда.

1757504485589888.jpeg

(Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды)

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматыда «Таза Қазақстан» басталғалы бері 170-тен астам іс-шара өткізіліп, оған 35 мыңнан астам қала тұрғындары қатысыпты. Аталған бағдарлама экологиялық сенбілік, рейдтер мен акциялар түрлі қоғамдық жұмыстар арқылы іске асты.

Алматы қаласының әрбір ауданы «Таза Қазақстан» акциясы аясында маңызды бастамаларды көтерді. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Жетісу ауданында Палладин мен Бурундайский көшелеріне дейінгі арық жүйесі қоқыстан тазартылып, оған 15 техника бөлінген.

Ал Бостандық ауданының тұрғындары аулаларына тазалық жұмыстарын жүргізіп, 70 текше метр қоқыс шығарыпты.

Медеу ауданы да Таза Қазақстан акциясы аясында бірқатар науқан өткізді. Кіші Алматинканың маңына тазалық жұмыстары жүргізіліп, Сәтпаев көшесінің бойы қоқыстан тазартылды. Аудан көлемінде науқанға 300 -ден астам адам қатысқан.

Алмалы ауданында тұрғындар Қожамқұлов пен Төле би көшелерінің қиылысындағы саябақта сенбілік жүргізіп, жағалау мен оған жақын көшелерді тазартты. Осы ретте Абай-Брусиловский-Тұрғыт Озал-Төле би орамында, сонымен қатар Манаса көшесіндегі 9 аулада тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке 320 адам қатысты.

Түрксіб ауданында екі учаскеде жұмыс жүргізілді: 13-әскери қалашықта, 54 корпуста және Кассина көшесі, 146/4 ғимаратында. Мұнда барлығы 710-нан астам адам еңбек етті. 15 техника жұмылдырылып, шығарылған қоқыстың жалпы көлемі 70 текше метрден асты.

Әуезов ауданында Абай даңғылы жағынан Сайран көлінің жағалауында сенбілік өтті. Сенбілікке мыңға жуық адам қатысты. 10 бірлік техника қолданылып, шығарылған қоқыстың жалпы көлемі 450 текше метрді құрады.

Алатау ауданында «Қарасу» шағын ауданында экологиялық науқан басталды. Мұнда проблемалы аймақтардағы ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары жүргізіліп, жаяу жүргіншілер аймақтары мен қоғамдық орындар тазартылып, жасыл желектер ретке келтіріліп, көшеттерді суару ұйымдастырылды.

Республикалық акцияға Наурызбай ауданы да қосылды. Күннің ыстықтығына қарамастан сенбілікке 700 адам шықты. Тазалауға 12 арнайы техника жұмылдырылып, шығарылған қоқыстың жалпы көлемі 110 текше метрді құрады.

Алматыдағы сенбіліктер «Таза Қазақстан» акциясының қала тұрғындары үшін жай сенбіліктен де асып кеткенін көрсетті. Бұл қозғалыс әртүрлі жастағы және әртүрлі кәсіптегі адамдарды біріктіріп, бірлік сезімін нығайтып, қалаға қамқорлық мәдениетін қалыптастырды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Алматы қаласында бір реттік қоқысты пайдалануды азайтуға арналған маңызды қадам жасалды. Қалада бір реттік қоқыс көлемін азайту үшін «кофеге айырбастау үшін Эко-коин» бағдарламасы іске қосылды. Алматы қаласының Эко-хабы әзірлеген бастама кофеханаларда қайта пайдалануға болатын стақандарды пайдалануды ынталандырады. Қайта пайдалануға болатын ыдыста сатып алынған әрбір сусын үшін келушілер 100 теңгеге баламалы эко-коин алады. Бұл қаражатты экологиялық таза тауарларды сатып алуға және шеберлік сабақтарына қатысуға пайдалануға болады.

«Жақын арада акцияға кофеханалардың басқа да ірі желілері қосылады деп үміттенеміз және бұл бастама жаңа Алматы дәстүріне айналады – қоршаған ортаны сақтау үшін бір реттік қолданудан бас тарту», - деді Эко-хаб пен «Eco Network» ЖШС негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов.

Жоба қазірдің өзінде қаланың бірнеше кофеханаларында, соның ішінде «Неделька» кофе желісінде жұмыс істеп ауқымын арттыруда.  Жақында акцияға қала тұрғындарының танымал демалыс орны «Апа Катя» кафесі де қосылды. Бастама экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға және бір реттік ыдыстарды пайдалануды азайтуға бағытталған.

Алматы қаласындағы экобелсендінің бірі Меруерт Салықова экобелсенділікті арттыру, қала экологиясын сақтауға бағытталған маңызды қадам екенгіне тоқталды.

Ол: «Науқан аясында жан-жақты жұмыс жүргізу керек. Әр деңгейде, яғни мемлекет тарапынан бізге заңдар керек, олардың орындалуын қадағалау керек, бұл әкімшілік деңгейіндегі іс-шаралар. БАҚ арқылы жарнамалар мен бағдарламалар қажет және әр азамат бұл сұрақты өз қолына алу керек. Сонда ғана түпкілікті өзгерістерге жетуге болады. Қарапайым адам не істей алады?

Маған zero waste тұжырымы өте ұнайды. Мысалға, мақтадан жасалған 1 футболкаға 2,7 мың литр су қажет екен. Жұмсалған еңбек, энергоресурстарды есептемегенде. Ол зат сізге арзан болса да, планетамызға қымбат түсіп жатыр. Үйде қоқысты сұрыптап, қайта өңдеуге тапсыру керек. Тамақ қалдықтарын қоқысқа тастамай, компостқа салуды үйрену керек. Қала сыртына шықсаңыз, қоқысты жинап, сенбілік жүргізуге болады. Оның бәрін балаларыңызбен бірге жасасаңыз, балаңыз да сондай әдетке үйренеді. Біздің қоғамда экобелсенділікті дұрыс түсінбейді. Экобелсенділік дегеніміз біреудің артынан қоқыс жинап жүру емес, өз өміріңді өзгертіп, соны жан-жағыңа насихаттау, айналадағы адамдарға үлгі бола білу деп білемін.

Мен экологиялық өмір салты жөнінде Инстаграм мен YouTube желілерінде блог жүргіземін. «Твоя вода» экожобасының Қазақстандағы кураторы боламын. 7-8 жыл бұрын ұлым 1 батарейканы лақтырып жіберген кезде, «Мама, оны лақтырмау керек, мен мультфильмнен оның зиянды екенін көрдім. Оны қоршаған ортаны ластамас үшін арнайы пунктке тапсыру керек», - деді.

Сол кезден бастап біз қоқыстарды бірге жинай бастадық. Басқа қоқыс түрлерін де қайта өңдеуге тапсыратын пункттерді тауып, экоәдет қалыптастырдым. Қаламыздың экобелсенділерімен танысып, осы бағытты зерттей бастадым. Қаланың экочаттарына кіріп, экосенбіліктерге қатысып, экологиялық іс-шараларға үнемі балаларымды ертіп барамын. Тауға барғанда көрген қоқысты алып кетеміз, бұл біздің жанұямыздың әдетіне айналған. Қоқысты азайту жолдарын іздеп, сол ақпаратпен Инстаграмда бөлісе бастадым. Солай әр қадаммен қазіргі уақытта қоқысты айына 2-3 рет шығаратын деңгейге жеттім»,- деді экобелсенді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар