Алматының даму перспективасы: Экономика һәм экология...

Алматы  қаласы – бизнес пен кәсіпкерлікті тұрақты дамытып келе жатқан еліміздегі ірі мегаполистің бірі. Шаһар экономикасы жыл сайын артып, қала  маңында өндіріс ошақтары бой көтеруде.

1753358159959461.jpg

(Суреттер: Ilyas Dautov / unsplash.com, Sputnik / Тимур Батыршин, nege.kz)

Қалалық экономика басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл, 2025 жылы алғаш рет Алматы қаласының бюджеты 2,4 трлн теңгеге жетті. Даму бюджеті 622 млрд теңгеге дейін ұлғайып, өткен жылмен салыстырғанда 2,9 есеге артты. Дегенмен біз Алматы қаласының экономикасын дамытамыз десек, экологиялық мәселесін де назардан тыс қалдырмауымыз керек.

Бүгінде Алматы экономикалық дамуы айқын, тұрақты жоспары бар ірі мегополиске айналды. Қаланың индустриялық аймақтарында өндіріс ошақтары ашылып, олар қала  экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып жатыр. Одан бөлек қаламыздың әсем табиғаты,  шетелден  келетін туристерге де ең тартымды аймақтың бірі. Біз шаһардағы экономикалық мәселелерден бөлек, экологиялық мәселелердің де шешілуіне баса назар аударумыз керек.  Өйткені Алматы қаласының экосистемасында біз назар аударатын біраз түйіндер бар.

Өздеріңіз білесіздер, Алматы қаласының әкімдігі ауаның ластануын азайту бойынша шаралар қабылдауда.  Ал экологтар, қаладағы экономиканы дамыту үшін инфрақұрылым мен саясатта үлкен өзгеріс қажет деп санайды.

1753357653727532.png

(Сурет: Sputnik / Тимур Батыршин)

Экобелсенді Павел Александровтың айтуынша, Алматы қаласының экологиялық мәселесі  туындағанда қаладағы автокөліктің шамадан тыс көбеюі ғана негізгі нұсқа ретінде айтылады екен.

«Біз қала экономикасын дамытамыз десек, ең алдымен экологиялық мәселені шешіп алуымыз керек. Алматы экономикасы мен экологиясы егіз ұғым. Сонымен қатар Алматының орналасқан жері де экологиялық мәселелерді туындатып тұр. Шаһар тау бөктеріне, табиғи желдетуі жоқ аймақта тұр. ЖЭО да әлі толықтай газ жүйесіне қосылмады. Ал қаладағы көліктер саны жыл сайын артады.  Одан бөлек қаладағы таулы аймақтарда сұлу табиғатты ластап, қоқыс тастап кететін тұрғындарымыз бар. Ол да қаламыздың сұлу табиғатын сақтауға кері әсер етіп жатыр.  Жыл сайын  экологиялық науқандар арқылы қала тұрғындарын да экологияны сақтауға белсене араласуды қолға алып жатырмыз. Осы мәселелерді шешіп алмай, Алматы экологиясы  тұрақты деп айта алмаймыз», - деді Павел Александров.

Өздеріңіз білетіндей, Алматыда атмосфералық ауаның ластануының негізгі көздері автокөлік, энергетика кәсіпорындары және газдандырылмаған жеке сектор болып табылады. Түтінге метеорологиялық жағдайлар, желдің болмауы және қаланың орналасқан жері әсер етеді.

1753357738881022.jpg

(Сурет: nege.kz)

Алматыдағы экологиялық мәселелер жөніндегі сарапшы Әділ Нұрпейісов: «Қаладағы ауа жүйесін жақсарту үшін ең алдымен жеке секторларда қатты отынды пайдалануды реттеу  қажет», - деп санайды. Алайда, ол қалада ауаны кім және қандай көлемде ластайтыны туралы нақты мәліметтер жоқ екенін де баса айтты.

Энергетика басқармасының мәлімдеуінше, Алматыдағы үйлердің 99,2%-ы газдандырылған, бірақ үйлерге газ өткізілмеген. Олар қатты отын жағып, әрі қарай жалғастыруда.

Соңғы зерттеулер көрсеткендей, Алматыда ауаның ластануының 60% автокөлік, 27% – өнеркәсіптік кәсіпорындар және 13% – қызмет көрсету саласына тиесілі. 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қалада 610 мың көлік тіркелген.

«Қаладағы атмосфералық ауа шығарындыларының себебі  ЖЭО емес, қаламыздағы автокөліктердің үлесі екенін түсінеміз. Бұл коронавирусқа байланысты карантин кезінде айтарлықтай байқалды. ЖЭО-ны газға ауыстыру проблеманы шешпейді, тек коммуналдық қызметтер үшін төлемді арттыру жағын қарастырумыз  керек дейді», – дейді сарапшы Әділ Нұрпейісов.

Сарапшы қаладағы экожүйені қалыптастыруға, экологиялық  мәселелерді шешу мен шешімін табуға айтарылқтай күш жұмсалып жатқанын да ескертті.  

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар