Қытай төрағасы Си Қазақстанға не үшін келе жатыр?

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға 16-17 маусымда Қытай басшысы Си Цзиньпин келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

1749630908988276.jpg

(Сурет: news.cn)

Дәл осы орайда егер саусақты бүгіп санамалайтын болсақ, онда Төраға Си Қазақстанға осымен алтыншы рет ат басын тіреп отыр.

2013 жылғы 6-7 қыркүйек.  ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға сапары кезінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасын көтерген болатын.

2015 жылғы 7 мамыр. Астанда Қазақстанның сол кездегі президенті Н.Назарбаевпен кездесті. Қытай басшысының Астанаға сол бір ресми сапары Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаевты «саяси қолдаудың белгісі» болып табылды.

Қытай өкілі бұл сапар екі елдің жоғары деңгейдегі стратегиялық серіктестігінің дәлелі екенін атап өтті.

Сапар барысында тараптар «Жібек жолы» экономикалық белдеуінің құрылысын талқылап, ынтымақтастықтың бірқатар жобалары бойынша өз ұстанымдарын үйлестіріп, өзара қызығушылық тудыратын халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты.

2017 жылғы 7 маусым. Төраға Си Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанға ат басын тіреді. Сол келісінде Си Цзиньпин: «Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы уақыт сынынан өтті», - деп өз ойын жайып салды.

2020 жылы COVID-19 пандемиясы басталғаннан және қатаң карантиндік шаралар енгізілгеннен кейін ҚХР төрағасы Си Цзиньпин шетелге барудан бас тартты. Ол 2020 жылдың қаңтарында барған соңғы ел - Мьянма.

2022 жылғы 14 қыркүйек. Қытай басшысы Си Қазақстан Елордасында  президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

«Халықаралық конъюнктура қаншалықты өзгерсе де, біз Қазақстанды тәуелсіздікті, егемендікті және аумақтық тұтастықты қорғауда қолдай береміз. Тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ету бойынша жүргізіп жатқан реформаларыңызды нық қолдауды, қандай да бір күштердің сіздің елдің ішкі істеріне араласуына үзілді-кесілді қарсы болуды жалғастырамыз», - деп мәлімдеді Қытай Мемлекеттік кеңесінің төрағасы.

2024 жылдың 2 шілдесі. Қытай төрағасы Си Цзиньпин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға ат басын тіреді. Си төрағаның бұл келісі – мемлекеттік сапар болды. Ол президент Тоқаевты «қымбатты досым» деп атап, Бейжің мен Астана арасындағы қарым-қатынасты "алтын отыз жылдық» деп бағалаған.

Ашық деректердегі мәліметтерге көз сүзсек:  Қытай – Қазақстан тауарының ең ірі импорттаушысы. Былтыр екі ел арасындағы сауда көлемі 43,8 миллиард долларға жеткен. Қазақстан Қытайға көбіне шикізат пен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатса, ол жақтан киімнен бастап, электроникаға дейін мыңдаған тауар түрін алады.

Mezgil.kz


Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер
    Пікірлер тізіміне енуде...

    Ұқсас тақырыптар