Тәрбие береміз: Соловьев балаларға арналған бағдарлама ашты

Ресейде балаларға арналған саяси пропагандалық бағдарламалар ашылуда. Ресейдің ішкі және сыртқы саясатын балалық шақтан түсіндіреміз дейді ресейлік пропагандистер. Алғашқы бағдарламаны Ресейдің басты пропагандистерінің бірі Владимир Соловьев ашуда.


82444.jpg

 

СоловьёвLive командасы арнайы жобаны іске қосқанын айтты. СоловьёвKids деп аталатын жоба аясында арнайы студия құрылып, балаларға арналған түрлі саяси бағдарламалар түсірілмек. Алғашқы бағдарлама «Песочница» деп аталады. Бағдарламада түрлі анимацияны қолдана отырып, балаларға геосаясатты түсіндірмек.

 

Соловьевтың өзі былай деп жазды: «СоловьёвKids — балаларға аналитикалық сараптаманы бірінші сыныпқа бармай тұрып үйрететін патриоттық алаң болмақ. Балаларға арналған арналарды қайта қарайтын сәт келді», - дейді ол.

 

Соловьев балаларға арналған бағдарламаның ролигін жариялады. Роликте балаларға арналған анимация қолданылған. Онда Түркия, АҚШ, Франция, Ресей, Солтүстік Корея мен Tesla басшысы бала кейпінде көрсетілген және олар өзара геосаясатты талқылап отыр. Дәл осындай фрагмент бейнеленген роликті Соловьев өз арнасында бөлісті.

 

2024 жылдың қазанында Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттің негізгі құндылықтарын балаларға ерте жастан түсіндіруді тапсырды. Путин мектепке дейінгі оқыту орталықтары балаларға патриотизмді көбірек насихаттау қажет екенін айтты. 


Mezgil.kz

 

 

 

 



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер
    Пікірлер тізіміне енуде...

    Ұқсас тақырыптар