АЭС-ті кім салады? Консорциумда қанша ел болады? Ресейден қандай қауіп бар?

Сонымен, АЭС құрылысына қатысты референдум тәмам болды. Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы ақырғы есепті жариялады.

1728384341357720.jpg

(Коллаж ҚазТАГ сайтынан алынды)

ҚР ОСК НЕ ДЕЙДІ?

ҚР ОСК есебі бойынша: Дауыс беру құқығы 12 миллион 284 мың 487 адамда болған. Ал дауыс беруге 7 миллион 820 мың 204 адам қатысқан. Бұл дегеніңіз - 63,66%.

«Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады. Осылайша, референдум өтті деп саналады. Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылданды», - делінген ОСК мәлімдемесінде.

ТОҚАЕВ НЕ ДЕЙДІ?

Ендігі басты сұрақ – Қазақстанға АЭС-ті кім салады?

Референдум күні президент Тоқаев бүйдеді: «Бұл бірден жауабын беретін оңай сұрақ емес. Үкімет талдау жұмысымен шұғылданып, тиісті келіссөздер жүргізуге тиіс. Менің жеке көзқарасым бойынша, Қазақстанда өте озық технологияға ие компаниялардан тұратын халықаралық консорциум жұмыс істеуі қажет. Одан ары қарай өмір көрсетеді», – деп жауап берген еді.

КОНСОРЦИУМДА ҚАНША ЕЛ БОЛАДЫ?

Ал бүгін Үкіметте есеп берген Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр АЭС бойынша құрылатын консорциум құрамында қанша ел болатынын айтты.

«Меніңше, консорциум құрамында 5 мемлекеттен артық ел болмайды. Атом электр станциясы бір ғана нысан емес, оның құрылымы бірқатар нысаннан тұрады. Сондықтан әртүрлі елдердің озық технологияларын алғанда және оны жобалау кезінде осындай жұмыстарды жүргізу міндеті тұр. Онымен қоса, бұл станцияның құрылысына түрлі компаниялар мен қосалқы мердігерлер қатысады. Мұндай әлемдік тәжірибе қазірдің өзінде бар, өйткені ядролық құрылғыны бір ел, турбинаны екінші ел жасай алады. Мұның бәрі қосылып жақсы нәтиже бермек. Сондықтан біз тек бір мердігерге мен жеткізушіге тоқталмай, тәжірибе көрсеткендей, ең тиімді жұмыс істейтін консорциум құруымыз керек», - деді.

Қоғамды алаңдатқан тағы бір басты сұрақ бар. Ол АЭС құрылысына Реасей қатыса ма? Деген сұрақ. Роман Скляр бұл туралы: «Шешім қабылданады, бұл консорциум болады. Өйткені қауіпсіздік бірінші орында. Сондықтан шешім қабылданатын болады. Конфигурацияға сәйкес, мұны бір ел ғана жасамайды, бұл арнайы жобалық топ болады. Ал ықтимал саяси тәуекелдер олардың пайда болуына қарай, яғни жобалау процесінде қарастырылатын болады», - деді.

Сарапшылардың айтуынша, АЭС құрылысын салуға Ресей, Қытай, Франция, Оңтүстік Корея мемлекеттері өтініш білдіріп отыр. Ал күні кеше АҚШ Қазақстанға АЭС салуға ниетті екенін білдірді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар