НАТО мен Ресей егессе: «Аттыға ілесем деп, жаяу қалған» Ресей

Ресейдің НАТО-ны «1997 жылдың шекарасына шегінуге» мәжбүрлеу әрекеті әскери-саяси қопарылысқа әкеп соқтырды десек артық айтқандығымыз емес.

1725359047812903.jpeg

(Сурет overclockers.ru сайтынан алынды)

БАТЫС ЖАППАЙ ҚАРУЛАНУДА: РЕСЕЙ НЕ ІСТЕМЕК?

Бұл арада әңгіме – Солтүстік Атлант альянсының бұрын-соңды болмаған тұтастығы мен оның скандинавиялық екі елмен толығыуында емес, тіпті Украинадағы соғыс туралы да емес. Қауіпсіздік үшін тәуекелдердің күрт өсуі – Батысты көпжылдық милитаризациялауға талпынтып, қайта қаруландыру процесінің арбасына жекті.

Сарапшылар болжамынша, осы бір жаппай қаруланудың нәтижесі 15-20 жылдан кейін ғана айқын көрініс табатын болады. Бұл жерде Батыстың жаппай қарулануынан Ресейге бес тиындық пайда жоқ екені бесенеден белгілі.

ӘЛЕМДЕГІ 8 ІРІ КӘСІПОРЫН ҚАРҚЫНЫНА ҚАРҚЫН ҚОСТЫ

Жапонияның «Никкэй» газеті АҚШ пен Еуроодақтың 8 жетекші қорғаныс корпорациясы жөніндегі деректерді жария қылды. 2023 жылдың аяғында олардың қару мен оқ-дәрілерді өндіруге алған тапсырыстары рекордтық мөлшерге жетіп, 750 миллиард долларды құраған. 2024 жылы әскери-өнеркәсіптік корпорациялар өндірісті кеңейтуге 10,5 миллиард доллар салатыны айтылған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3/1-ге және 2023 жылмен салыстырғанда 8%-ға көп сома. Келесі жылдары да әскери өндіріске инвестиция салу жоғары деңгейде қалатыны түсінікті жайт.

Осы аталған жетекші ғылыми-конструкторлық орталықтар мен техникалық зертханаларда қазір ХХІ ғасыр армиясының бейнесі пайда болуда және оған қол жеткізуді көп елдердің қалтасы көтермейді. Қару-жарақ пен оқ-дәріге деген сұраныстың күрт өсуі шағын компанияларды да қанағаттандырады. Батыста әскери өндірістің жалпы өсімі бұрын-соңды болмаған деңгейге көтеріледі.

Әрине, бұл сұраныстың күрт ұлғайуына Украинадағы соғыс, соғысқа оқ-дәрілер жеткізу туралы сұраныстардың артуы, НАТО елдерінің және олардың Тынық Мұхиттық серіктестерінің сұраныстарының артуы, Таяу Шығыс елдерінің өздерінің қорғаныс шығындарын ұлғайтуы себеп.

ЖАПОНИЯ: ҚАРУЫМЫЗ НАТО ЕЛДЕРІНІНЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ!

Мәселен, Жапонияның Қорғаныс министрлігі 2025 ЭЫЛЫ Қорғаныс саласына бөлген қаражат соғыстан кейінгі кезеңдегі ең ірі соманы құрады. Биылғы жылғы бөлінген қаражаттан 7,4 пайызға көп сома. Ал 2027 жылға қарай Жапония НАТО елдері сияқты ЖІӨ-нің 2 пайызын қорғаныс шығыны бөлуды талқылап жатыр.

Әлемде әскери өндіріс саласындағы жекелеген компаниялар да қарқынына қарқын қосуда. Мысалы, «Lockheed Martin» корпорациясының 2027 жылға «Patriot» ПРО кешендері үшін зымыран шығаруды 30 пайыздан көп арттырмақ.

Ал « HIMARS» реактивті дүркіндік атыс жүйелеріне арналған оқ-дәрілер өндірісі 2025 жылы 3/1- пайызға көбейеді.

Британиялық «BAE Systems» корпорациясы 155-миллиметрлік гаубицаларды шығаруды 8 есеге ұлғайтуға ниетті. Осы гаубицаларға қатысты бір ауыз сөз: «Украинадағы соғыс 155 мм-лік гаубицадан бас тартудың қате шешім екенін көрсетті», - дейді сарапшылар.

БАТЫСТЫҢ ӘСКЕРИ-ӨНДІРІСІ ҮШІН АЛТЫН ДӘУІР ТУДЫ!

Осы саланың ең ірі 8 көшбасшысының таза пайдасы өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға өсіп, 29,4 миллиард долларды құрайды деп күтілуде, ал келесі жылы бұл пайда 32,1 миллиард долларға жетеді деп болжанады.

Біздің түрлі дереккөздерден алған мәліметтерімізде тек тапсырыс берушілер және тиісінше өндірушілер игерген сериялық үлгілерге шоғырланған үлкен өзгерістің алғашқы жылдарының нәтижелері ғана тұр. Яғни әзірге әңгіме негізінен сапа емес, сан төңірегінде болып отыр. Жаңа тапсырыстар үшін күресте жекеменшік корпорациялар сапалы әрі тиімді шешімдер іздеуге жұмсалатын шығындарды сөзсіз арттырады және біраз уақыттан кейін нарықта қазір ұрыс алаңында соғысып жатқан тараптар кездесіп отырған проблемаларды еңсеруге қабілетті дүр жаңа қару-жарақ үлгілері пайда болатыны еш дау тудырмайды.

Жетекші ғылыми-конструкторлық орталықтар мен техникалық зертханаларда қазір ХХІ ғасыр армиясының соны бейнесі пайда болуда және оған барлық елдер қол жеткізе алмайды.

«АТТЫҒА ІЛЕСЕМ ДЕП, ЖАЯУ ҚАЛУ»: ҚЫТАЙ МЕН РЕСЕЙ ЖАРЫСҚА ДАЯР МА?

Осы орайда кезінде КСРО үшін қару-жарақ жарысының қалай аяқталғанын еске ала кетейік: Кезінде «аттыға ілесем деп, жаяулатқан» кездегі шабынан айырылып, жеңіліп қалған жарысты бастау керек болса, онда бұл Путин тізгініндегі жаңа Ресей тарихындағы ең өзекті мәселелердің бірі болып қала береді.  

Сарапшылар сөзінше, тіпті елеулі ішкі экономикалық сын-қатерлерге және сыртқы технологиялық шектеулерге тап болған Қытайдың өзі мұндай жарысты ұзақ мерзімді перспективада қолдай алмайды.

Қазіргі кезде ескі кеңестік техниканы жөндеуге және жер бетінде жаңғыртуға кететін орасан зор қорғаныс-өнеркәсіптік күш-жігерінің үлесі бар Ресей үшін - жаңа техника құру туралы айтпағанда, басқадан артта қалмауға тырысқан жаңа техниканы шығару үшін, уақыт пен ресурстар жоқ! Қазірдің өзінде қара нарықта заманауи техника мен оқ-дәрілер шығару үшін шетелдік чиптерді іздеп жүрген елдің өз армиясын толыққанды жарақтандыруға мүмкіндігі жоқ түсінікті.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар