Ерлан Қарин: Жаңа идеялар – демократияның бір талабы!

Таяуда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Тынымбайұлы Қарин «Nartay Aralbayuli» арнасына сұхбат берді.

1721651588170598.jpeg

(Сурет видео скрині)

 «Енді идеологияға келсек. «Елге идеология керек» деген ұранды көп естиміз. Кез келген мәселеге қатысты айтылады. Әсіресе руханият турасында. Жалпы идеологияның негізгі тіректері қандай? Және Қазақ совет Энциклопедиясының 4 – томында ол «таптың, әлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін, қоғамдық сана, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялардың жиынтығы» деген анықтама берілген. Қазақстанның идеологиясы қандай қазіргі?» деп қойылған журналист, депутат Нартай Аралбайұлының сауалына Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ға былайша жауап қатты:

Ерлан Қарин:

- Қоғамдық процестер күрделеніп жатыр. Бұл объективті процесс. Бұл дұрыс қоғам өзгеріп жатыр. ...Жаңа идеялар, жаңа ұстанымдар пайда болды. Бұл да демократияның бір – талабы. Қоғамды бірікітіру үшін... мектептегі тәрбие жұмыстарына қазір күш саламыз. Ол тәрбие жұмыстарында балаларды өз өзгерлердің пікірі мен ойын құрметтеуге тәрбиелейміз. Біз азаматтарды заңды сақтауға оны құрметтеуге тәрбиелеуіміз керек. Қоғамдық бірегейлікті сақтаудың алғышарты. Ол қарапайым адами құндылықтарды және құқықтық құндылықтарды енгізу. Ал, екінші сатысында біздің елімізде осы тарихи дамуымыздың негізінде қалыптасқан өзіндік өмір салтымыз бар. Ол ұлттық және қазіргі заман құндылықтары өзара үйлескен өзіміздің өмірлік салтымыз бар. Өзіміздің ұлттық болмысымыз бар.

Әрі қарай Ерлан Қарин Парламент депутаттарының қоғам мүддесі жолындағы еңбегін жоғары бағалады. 

«Әрбір депутат түрлі әлеуметтік топтың, қарапайым сайлаушыларының мүддесін қорғайды, үнін жеткізуге тырысады. Әртүрлі көзқарас, әртүрлі пікірлер болады. Бірақ, ең оңтайлы шешім – ол келісіп отырып қабылданған шешім. Белгілі бір тараптың мүддесін көздеген шешім, басқалардың мүддесіне қайшы келмеуі, қауіп тудырмауы тиіс. Міне, қоғамдық тұрақтылық пен ұлттық бірліктің қамтамасыз етудегі бірден бір жол – осы», - деп көрсетті Мемлекеттік кеңесші.

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көре аласыздар:

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар