Солтүстікке көшті насихаттап жүрген белсендінің үйі өртеніп кетті

Cолтүстік өңірлерге көш бағдарламасын насихаттап жүрген белсенді Бурахан Дақановтың үйі өртеніп кетті. Бұл туралы Бурахан өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында жазды.


Бурахан Дақан: Елге келем дейтіндер көп

(Сурет aikyn.kz сайтынын алынды)

 

«Қайырлы кеш ағайын.  Тіс сынса ауыз ішінде,  қол сынса жең ішінде деуші еді, facebook-ты дүрліктіріп қойғаныма кешірім сұраймын.

 

Кеше түнде, Сергеевкадағы үйім аяқ асты жанып кетті. Жалпы кешеден бері свет бір өшіп, бір жанып жыпылықтап жүр еді, төбедегі тоқ сымдар замыкание беріп, үйдің төбесін жаққан екен. Өрт басталарда үйде, қалың ұйқыда едік. Кенет, көрші бөлмеде екі баламмен жатқан әйелімнің жан даусы шыққасын  — ұйқылы ояу жетіп барып едім, бөлме бұрышындағы төбеден тамған отты көрдім. Мына натяжной потолок деген бір сұмдық екен қысқасы. Бір тұтанса болды, біткен жері сол екен. Апыл-ғұпыл балаларды жинап, есікті аша қалғанда, жел үф етіп кіріп, төрдегі екі бөлме бірден отқа оранды. Жалаң аяқ, жеңіл киіммен атып шыққан біз, өрт бірден үдегесін — үйден зат алуға мүлдем мүмкіндік бермеді. Қысқасы, ағаштан салынып, терезесі пластик, сырты пенопластан қапталған үй 15-20 минутта жанып, жоқ болды. Күллі отбасылық документ, "TAUEKEL" ұйымына тиесілі құжаттар, киім-кешек, телефон,  ноутбук тағы басқа дүниелер бәрі-бәрі бір сәтте құрып кетті. Жалпы,  өрт сөндірушілер уақытылы келгенімен ештеңе істей алмады.  Өйткені дала қатты жел болған соң,  үйдің сау жері қалмаған тұғын.

 

Өстіп, отбасыммен бір ажалдан қалдық бүгін. Жалпы дүние жиналады ғой, басымыз аман әйтеуір. Кішкене балаларым сәл шошып қалғаны болмаса, дым зақым алған жоқ. Жергілікті әкімдік қызметкерлеріне ризамын, Сергеевканың әкімімен қоса өрт сөндірушілер басшысына дейін түнімен жүрді жанымызда. Қысқасы ешкімге өкпе-ренішім жоқ. Болған жағдайға ешкімді кінәламаймын. Әкімдік тарапынан қолдау шаралары толығымен іске асып жатыр.  Бұйырса жақын арада басқа үй алып қалармын.

 

Қазір бір көшіп келген, үй алуына біз сеп болған түркістандық азаматтың үйінде жатырмыз. Жалпы, Сергеевкадағы көшіп келген көптеген азамат «біздікіне жат, біздікіне жат» деп қолқалап жатыр. Осындай қолдауға ие болғаныма мерейім өсіп,  бір жағынан марқайып отырмын.  Қысқасы,  соңғы екі жылымды бос өткізбеген екем. Соған көзім жетті бүгін», - дейді белсенді.

 

Белсенді өзіне қолдау білдіріп жатқан азаматтарға алғысын айтып, мәселені реттегеннен кейін, солтүстікке көшті насихаттауды күшейтетінін жазды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар