Тарихи шешім: Ресейдің жуан жұдырығы әлсіз кемпірдің шапалағына айналды!

Ресей билігінің түнгі ұйқысын төртке бөлетін оқиғаны, нақтылай айтсақ, орыс-украин соғысында Украинаның Ресей аумағындағы әскери нысандарды атқылауға рұқсат алуы жайлы әлемдік БАҚ жарыса жазуда. Бұл тақырып төңірегінде Mezgil.kzақпараттық порталы да азды-кем сөз арнаған едік.

1717166444214742.jpg

АМЕРИКАНДЫҚ ЗЫМЫРАНДАР РЕСЕЙГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Осыдан үш күн бұрын АҚШ президенті Жо Байден журналистерге жауап беріп, Ақ үйдің Украинаның Ресейге соққы беруіне қатысты ұстанымы өзгермегенін айтты. Алайда, қазіргі уақытта үш күн - біраз мерзім. Және қазір президент Байденнің бұрынғысынша мызғымас ұстанымы өзгере бастаған сияқты. Түрлі қысым да аз емес. бұл қысымдар АҚШ ішінде һәм жаһандық саяси кеңістікте қарқынды жасалуда.

1717165784925896.jpg

(Сурет: Украинская правда сайтынан алынды)

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг те кейбір еуропалық елдер, соның ішінде Ұлыбритания мен Франция өздері берген «Storm Shadow», «Scalp» зымырандарымен Ресей аумағындағы әскери нысандарды соққылауға рұқсат беретінін айтты. «Еуропаның кейбір мемлекеттері Украинаға осындай құқық беруді қолдайды», - деп сөйледі Столтенберг.

АҚШ әскерилері де Украинаға батыстық қаруды пайдалану еркіндігін беруге шақырады.

Вашингтондағы Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында халықаралық қауіпсіздік жөніндегі бағдарламаны басқаратын отставкадағы генерал Сет Джонс: «Украинаның Ресейдің мұнай өндіру орталықтары мен энергетикалық станцияларға соққы беруі арқылы жаудың соғыс жүргізу мүмкіндігін әлсіретуіне заңды құқығы бар. Екінші дүниежүзілік соғыста біз Германия мен Жапонияға қарсы да осылай істедік», - дейді.

Ақыр соңында АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен де Ақ үйдің ұстанымын өзгертуді қолдады. Блинекен: «АҚШ Украинаны мұндай әрекеттерге ынталандырмайды, бірақ ол өз қорғанысын қалай құруды өзі шешуге құқылы. Ақ үй Украинаға өзі берген қарулармен Ресейдің фронттық жолағындағы әскери нысандарға оқ атуына рұқсат бере алады», - деп сөйледі.

1717165944505922.jpg

(Сурет: Ино СМИ сайтынан алынды)

БАЙДЕН АЛДЫНДА ТҰРҒАН ҚОС ТАҢДАУ – ҚОС ТЫҒЫРЫҚ...

Блинкен – АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы. Ол әр айтқан сөзін АҚШ президенті Байденмен келісіп барыс сөйлейді. Осындай күрделі тақырыпта импровизация жасап, өз алдына сөйлемейді. Сол есеппен қарайтын болсақ, Ақ үйдің бұл тақырыпқа қатысты позициясы өзгергенін анық байқаймыз!

Батыстық БАҚ-тың жазуынша, Украинадағы соғыстың тағдыршешті кезеңінде Байден екі императивтің арасында тұр. Бір жағынан, ол Ресейдің жеңіске жетуіне мүмкіндік бере алмайды. Екінші жағынан, жаһан жаңа әлемдік соғысқа тап болып, ядролық қақтығыс қаупін төндірмеу әселесі бар.  Десе де, Ресейдің ядролық шабуыл жасау қаупі Байденнің санасында бәсеңсіген. Себебі Кремль атом бомбасын жару туралы тезисті тым жиі қолданып, қорқыта бастады және Кремльдің мұндай мәлімдемелеріне Байден бейімделе бастады.

1717166040955216.jpg

(Сурет: Коммерсант сайтынан алынды)

КРЕМЛЬДІҢ ЯДРОЛЫҚ БОПСАСЫ БОС СӨЗ БЕ?

Алайда, Украинаға қатысты қызыл сызықтар әлі де бар және олар өте маңызды. Бірақ, Байден Ресейдің жеңіске жетуіне жол бере алмайды. АҚШ Украинаға Ресейдің фронттық жолақтағы әскери нысандарын ғана соққылауға рұқсат береді. Бірақ ресейлік қалаларға американдық зымырандармен соққы жасауға қарсы. Және Киев мұндай талапты қабылдады. Украина американдық қаруды тек Украинаға шабуылға қатысатын Ресей ішіндегі нысандарды ғана ату үшін пайдалана алады.

6 маусымда одақтас әскерлердің Нормандияға түсуінің 80 жылдығына орай салтанатты рәсім өтеді. 13-15 маусымда Италияда мерейтойлық, 50-ші «Үлкен жетілік» саммиті, ал 9-11 шілдеде Вашингтонда НАТО альянсының құрылғанына 75 жыл толуына арналған мерейтойлық саммит өтеді. Осы форумдар кезінде Байден өз одақтастарын Украинаның жеңісі үшін көмектесуге барыншы үгіттейді және одақтастар қатарының толық екенін тағы бір дәлелдейді.

РЕСЕЙ ТЕРРИТОРИЯЛАРЫН СОҚҚЫЛАУ: МӘСКЕУДЕГІЛЕР НЕ ДЕЙДІ?

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: «Украина «ATACAMS», «Storm Shadow» және «SCALP-ты» өз бетінше пайдалана алмайды. Бұл тек ғарыштық барлаудың көмегімен ғана мүмкін. Бұл зымырандардың ұшу тапсырмасы НАТО елдерінде жүзеге асырылады. Ресейлік аумаққа американдық қарумен соққы беру тәжірибесі қазірдің өзінде қолға алынып жатыр, бұл Вашингтонның украиналық қақтығысқа тартылғанын айқын көрсетеді», - деді.

Ресей СІМ-інің ресми өкілі Мария Захарова: «Ол зымырандар мен зымыран кешендері тікелей НАТО базаларынан жеткізіледі. Бұл соққыларды жасаудағы Вашингтонның, Лондонның, Париждің, НАТО-ның рөлін Ресей жақсы түсінеді. Бұл - НАТО-ның қолы. Бұл үшін оларға жауап беруге тура келеді», - деп мәлімдеді.

1717166145122110.jpg

(Сурет: Газета.ру сайтынан алынды)

РЕСЕЙ БАТЫСТЫ ҚАЛАЙ ҚОРҚЫТУДЫ БІЛМЕЙ ДАЛ БОЛУДА

Әуедегі үстемдігінен ғана емес, өз аумағындағы әскери базаларынан айырылуға әкеліп соқтыратындай бұл шешімге қатысты Мәскеу аш қасқырдай аласұруға көшті. Тіпті, дрондық шабуыл ендігі жерде баланың ойшығына айналды десек те болады. Путин режімі «Күштінің арты диірмен тартататын» енді ғана ұғынды десек артық айтқанымыз емес. Соның дәлелі Ресей Батысты қалай қорқытуды білмей дал болуда.

Әскерилерді бір ышқынтып алған президент Путин енді, Ресей Қауіпсіздік кеңесіне ауыз салуға кіріскен сыңайлы. Жақында президент Путин РФ Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасарын жұмыстан шығарды. Яғни, Ресейдің қосалқы президенті Дмитрий Медведьевтің орынбасарын!

Михаил Попов - запастағы вице-адмирал, әскери ғылымдар докторы. Осы ауыз салудан басын аршалап алу үшін көпті көрген Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев саяси қадам жасап, өз мәлімдемесін жасады. Енді осы төңірегінде сөз етейік.

«Ресей мен Батыстың қазіргі әскери қақтығысы ең нашар сценарий бойынша дамуда», - деп мәлімдеді Медведев.

«Бұл қауіпті және зиянды қателіктер. НАТО елдерінің алыс қашықтықтағы қанатты зымырандарын басқару немесе Украинаға әскер контингентін жіберуі - қақтығысты шиеленістіре түседі. Украина мен оның одақтасы саналатын НАТО елдері біздің қиратушы күшіміздің жауабын алады. Сондықтан, Альянс қазірден бұл қақтығысқа араласудан бас тарта алады», - деді Медведев.

«Ресей президенті әділ түрде атап өткендей, Еуропа елдерінде халық тығыздығы өте жоғары. Бұл ешқандай қорқыту да, ядролық блеф те емес. Бізге қарсы қолданылатын НАТО қаруының қуаты үнемі күшеюде. Сондықтан қақтығыстың соңғы кезеңі ядролық қақтығыс болуы мүмкін екенін ешкім де жоққа шығара алмайды», - деп қосты Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары.

Осылайша бір кездері әлем тітіркенетін Ресейдің саяси аренадағы жуан жұдырығы әлсіз кемпірдің шапалағына айналды.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар