АҚШ Ресейге қарсы «естен тандыратын» санкциялар дайындауда

АҚШ таяу күндері Ресейге қарсы санкциялардың «Естен тандыратын пакетін» ұсынбақшы. Онда «жүздеген, жүздеген және жүздеген» жаңа шектеулер болады.

1708680929977997.jpg

(Иллюстрация: focus.ua)

Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси істер жөніндегі орынбасары Виктория Нуланд Вашингтондағы Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында сөйлеген сөзінде айтты.

Нуландтың айтуынша, жаңа шаралар қолданыстағы санкциялардағы олқылықтарды жабуға және оларды айналып өтуге жол бермеуге бағытталатын болады.

«Шаралардың бір бөлігі Алексей Навальныйдың «Поляр қасқыры» колониясында қайтыс болуына кінәлі деп санайтындарға бағытталады», - дейді Нуланд.

Навальный қайтыс болуына байланысты Еуроодақ та Ресейге қатысты санкциялар енгізуге уәде берді. 21 ақпанда Ұлыбритания колония басшылығына қарсы шектеулер туралы жариялады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар