Украина сотының үкімі: Ресейдің агрессиясы жайлы 6 кітап оқисың!

Украинаның Черкасс қаласындағы Приднепровск аудандық соты елдегі билікті күшпен ауыстыруға шақырған азаматқа қатысты үкім шығарды. Ол енді Ресейдің Украинаға басып кіргеніне қатысты, агрессиясы жайлы алты кітап оқуы тиіс.


Война в Украине. Российские военные с воздуха атаковали Днепропетровскую  область - Delfi RU

 

2022 жылдың қарашасында Черкасс қаласының тұрғыны өзінің Фейсбук парақшасында украин билігін қорқақ, жемқор және заңсыз деп атап, билікті төңкеріп тастауға шақырған болатын. Ол әскерилерді ұрыс қимылдарын тоқтатып, билікті басып алуға үндеген еді.  

 

Ер азамат өзінің кінәсін толық мойындап, соттан қатаң жаза бермеуді сұрады. Сот оның кінәсін мойындағанын ескеріп, бір жылға шартты жаза кесті. Ал профилактикалық шара ретінде 2024 жылдың сәуіріне дейін Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясы жайлы 6 кітап оқу міндеттелді. Кітаптарды оқып болған соң, жазбаша түсініктеме жазып, сұрақтарға жауап бермек.

 

Черкасс қаласының тұрғыны «Изоляция. Ажал мен азаптаудан аман шыққан Донбасстағы құпия түрменің тұтқындары», «Қыс жақындап қалды», «Еуразиялық бөлініс: Украина гибридтік қауіптер сәтінде», «Соғыс пен бейбітшілік дәуіріндегі Украина», «Қалқан. Қаза тапқан жауынгерлердің отбасылық естеліктері. Донецк әуежайы», «24.02. Соғыс күнделігі» кітаптарын оқуы тиіс.

 

2021 жылы дәл осындай жазаны Одесса соты ұрлық жасаған екі азаматқа кескен болатын. Оларға Марк Твен, Джек Лондон және Тарас Шевченконың туындыларын оқыту міндеттелді. Сот олардың тәрбиесінде қателік кеткенін айтып, үкімін «білім барлығын түзейді» деп түсіндірді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар