Гаага мен Еуропа: Лукашенко да қылмыскер! Оны да тұтқындау керек!

Еуропарламент Гаага Халықаралық сотынан Беларусь президенті Александр Лукашенконы тұтқындауға ордер беруін сұрады. Депутаттар Лукашенконы да Путин сияқты адамзатқа қарсы қылмыс жасаушы деп таныған. Оған Украинаның оккупацияланған аумағынан балаларды ұрлады деген айып тағылуда.

1694685013416316.jpg

Еуропарламент: «Ресейдің оккупациялап алған жерлерінен 2150-ден астам баланы «сауықтыру лагерлеріне жіберіп жатырмыз» деген желеумен Беларусь мемлекеті жеткіншектерді лагерлерге алып кетіп, орыстандыру саясатымен «миын улап жатыр», - дейді.

Парламент Украина прокуратурасының Беларусьтің мәжбүрлеп депортациялау жұмысына қатысы туралы тергеуін қолдап отыр. Олар Лукашенко мен оның режимі адамзатқа қарсы қылмыс жасап отырмағанына күмәнмен қарайды.

Еуропарламент сонымен қатар, ЕО санкциялар тізімін тағы толықтыру керек деп санайды.

1694684812732649.jpg

Осыған дейін Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Путин мен орыстың балалар омбудсмені Мария Львова-Белованы тұтқындауға ордер шығарған еді.

Халықаралық адам хақын қорғау комитеті бұл шешімді: «2014 жылдан бері орыстың озбырлығына ұшырап келе жатқан адамдар үшін бүгін маңызды күн. Путиннің халықаралық іздеудегі қылмыскерге айналуы – еркін тайраңдап келген соғыс қылмыскерлеріне ескертпе, оларды жазаға тартуға жасалған маңызды қадам», - деп бағалады.

Дегенмен БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты жорасы болып табылатын АҚШ, Қытай, Ресейде Гаага сотына мүше емес. Оған негізінен Еуропа, Онтүстік Америка және Африканың көпшілік елі мүше.

Халықаралық Гаага сотына мүше елдер Рим статутын ратификациялаған болса, халықаралық іздеудегі қылмыскерді ұстап беруге құқылы. Путин барады-ау, деген елдердің ішінде оған мүше Грузия, Моңғолия, Тәжікстан, Ауғанстан бар.

Ал Армения үкіметі жақында ХҚС Римдік статутын ратификациялау туралы жобаны парламент қарауына жіберді. Ереван бұл қадамын Қарабақ проблемасымен байланыстырады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар