"Киім-кешегін де жинатпады": Молдова "Sputnik Молдова" басшысын елден қуды

Молдова билігі «Sputnik Молдова» басшысы Виталий Денисовты 13-қыркүйек күні Молдовадан депортациялап жіберді және елге кіруге 10 жылға тыйым салды. Виталий Денисов өз құқығы тапталғанын айтып, Ресейдің елшілігіне шағым түсірген.  


Руководитель Sputnik Молдова Виталий Денисов - РИА Новости, 1920, 13.09.2023

 

Денисовты депортациялағаны жайлы алғаш болып оның әріптестері БАҚ-та жар салды. Олар Молдова билігінің өкілдері Денисовтың үйіне келіп, оны депортациялау туралы шешімді көрсетіп, бірден әуежайға алып кеткенін айтады. Оны Мәскеуге ұшатын бірінші рейске отырғызбақ. Ал Sputnik-тің жазуынша оған тіпті киім-кешегін, жеке заттарын жинауға, үй жануарларын алып кетуге де уақыт бермеген.

 

Молдова билігі Ресей елшілігіне Денисовты депортациялау туралы ақпаратты жеткізген. «Россия сегодня» компаниясының бас директоры Дмитрий Киселев Молдова билігін сынап, «нағыз өшпенділік көрсетуде» дейді.  

 

Ресей СІМ өкілі Захарова бұл жайтқа қатысты пікір білдірді. Ол былай дейді: «Біз ақпаратты асыра сілтеп айтты демеу үшін мәлімдеп отырмын. Олар Ресей арналарын жауып, ресейлік БАҚ-қа қысым жасап, саясаткерлерін Молдова аумағына кіргізбей, сарапшыларын елден шығарып, қысым көрсетуді арттырды. Молдова аумағына кіргісі келетін ресейлік азаматтарды шекарада ұзақ ұстау, негізсіз тексеру көп. Олар өздерінің ішкі аудиториясында ресейлік ақпараттың болғанын, шынайы ақпараттың қалғанын қаламайды. Sputnik-ке қатысты оқиғаны да осы тұрғысынан қарау керек», - дейді ол.


Mezgil.kz

 



Ұқсас тақырыптар