Қырғызстан: Елдегі билікті басып алмақ болғандар ұсталды

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті билікті күштеп басып алу мақсатында жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруды жоспарлаған 30-дан астам адамның ұсталғаны туралы хабарлады.


61f4eb438d454344133814.jpg

 

"Қырғызстан ҰҚК мемлекет қауіпсіздігін және конституциялық құрылысты қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс барысында, ел аумағында жаппай наразылық акциялары мен ауқымды тәртіпсіздіктерді өткізу үшін жасырын дайындықты жүргізген адамдар тобын анықтап, олардың құқыққа қайшы жоспарының жолын кесті", - дейді ресми хабарламада.

 

Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруды «Елдік кенеш» партиясының төрағасы Н.Р.С іске асырмақ болған дейді ресми хабарламада. Ол өзге елден қаржы келуін күтіп отырыпты-мыс. Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша тергеу-тексеру жұмыстары басталды, ал істі мемлекет басшысы өз бақылауына алған.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар