Ауыл тұрғындары зорланған қызды өртеп жіберген

3.jpg


Нью-Дели полициясы ұрланып әкетілген жасөспірім қыз мәселесін қолға алып, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Болжам бойынша, жасөспірім қызды белгісіз топ ұрлап, зорлаған. Ол аздай ауыл тұрғындары 16 жастағы қызды артынан өртеп жіберген.

Бұл қайғылы жағдай Үндістанның солтүстік-шығысындағы Джаркханд штатында орналасқан ауылда тіркелді. Тәртіп сақшылары сенбі күні қыздың денесіндегі жарақаттарды нақты жариялау үшін медициналық комиссия шешімін күтіп отырғандарын айтты.

Жасөсіпірім қыздың ата-анасы тәртіп сақшыларына шағымданған соң, Чатра штатының аймақтық комиссары Кумар Сингх 15-20 адамның күдікті ретінде темір торға тоғытылғанын айтты. Олардың қатарында ауылдық кеңестің төрағасы да бар.

16 жасар қыз ауылдағы үйлену тойына барған. Түн ішінде бейсенбі күні ұрланып, оны белгісіз топ жақын жердегі орманға апарған. Тәртіп сақшысы Ашоктың айтуынша, оны бірнеше ер адам зорлаған. Ал қыздың ата-анасы жұма күні полицияға шағымданған.

Панчаят деп аталатын Үндістандағы ауылдық кеңес бүкіл елді мекендерде зор күшке ие. Сондықтан ауылдағы тәртіпке жауапты, кінәлілерді үнемі жазалауға қабілетті. Қалалар мен сот жүйесінен алыс ауылдарда панчаяттар халық арасындағы дауды шешумен айналысады. Ешқандай заңды құқыққа ие болмағанымен, жергілікті жұрт панчаяттар көмегіне жүгінуді әдет қылған. Ал сыншылар панчаяттарды патриархаттық басымдықпен әділетсіз шешім шығарады деп айыптайды.

Аталған аймақтағы ауылдық кеңес немесе панчаят кінәлі әрбір ер адамдарға 50 000 рупи айыппұл салды, бұл шамамен алғанда 750 доллар.

Ауылдық кеңестің бұл шешіміне жергілікті жұрт жаппай наразылық танытуда. Ақша мөлшерін көп деп санаған тұрғындар қыздың ата-анасына шабуыл жасап, олардың үйін өртеп жіберген. Жасөспірім қыз осы үйде өртенгені белгілі болды.

Джаркханд штатының бас министрі Рагхубар Дас твиттерде аталған жағдай үшін қатты қапа болғанын жазды. «Көзі ашық адамдардың дәл осындай жабайы шабуыл жасағанына қатты қапа болдым» деп жазды ол.

Жасөспірім қызды зорлау оқиғасы Оңтүстік Азия елдерін қатты шошытып, елді мекендерде жаппай наразылық шаралары өтіп жатыр.

Дереккөз: Baq.kz



Ұқсас тақырыптар