Сарапшылар: Ресей 2027 жылға дейін соғыса алады, бірақ...

Ресей Украина аумағында шабуылын жалғастыруда. Соңғы 10 күнде Ресейдің шабуыл жасау қарқыны бәсеңдесе де, Мәскеу алға жылжуды ойластыруда. НАТО-ның сараптамасы бойынша, Ресей кемі 2027 жылға дейін шабуыл жасау потенциалын сақтауға қабілетті. Альянстың ақпаратынша, Ресейдің экономикасы соғысқа бағытталуда, Кремль қаржыны әскери салаға салуда және ішкі әлеуметтік мәселені пропаганда есебінен бүркемелеуде. НАТО-ның ойынша Ресейдің қару шығару кешендері барлық қуатымен жұмыс істеуде. Бұл туралы Мoscowtimes басылымы жазды.


Россия в 4 областях формирует добровольческие батальоны – ISW | Украинская  правда

 

ВВС арнасына пікір білдірген НАТО өкілдері Батыстың соғысты келіссөз арқылы аяқтау әрекеттері әлі нақты нәтиже көрсетпегенін айтты. НАТО басшыларының ойынша Путин соғысты түбегейлі аяқтауға ниетті емес. Ресей басшысы уақытша келісім жасап, Украинаның оккупациядағы аймақтарын Ресейге кіріктіріп, артынша қайта шабуылға шығуды ойлайды. НАТО сарапшыларының ойынша Путин соғысты жеңіспен аяқтайтынына бек сенімді.

 

Украина әскерінде кадрлық тапшылық мәселесі бар. «Киев мәселені шешу үшін, күрт өзгерістер жасауы тиіс. Мәселе сарбаздардың немесе стратегтердің санында емес, сапасында», - дейді НАТО өкілдері.

 

Соғысты зерттеу институтының (ISW) сарапшысы Джордж Барростың пікірінше Ресей әлі 12-16 ай бойы үздіксіз соғыс жүргізе алатын қабілетке ие. Оның ойынша Ресейдің бюджеттік және әскери техникалық мүмкіндігі осы аралыққа дейін жетеді.

 

24-маусым күні Ресей президенті Владимир Путин федеральды бюджетке толықтырулар енгізді. Жаңа толықтыруда бюджеттегі дефициттің артқаны байқалады. Мысалы мұнай және газдан түсетін пайданың үлесі 25 пайызға жуық азайған. Жоспар бойынша 10,8 трлн рубль түсуі тиіс еді, алайда 8,3 трлн рубль ғана түсуі мүмкін. Бұл соғысты қаржыландыруға да әсер етеді. Ресей билігі бюджетте баланс сақтау үшін, мемлекеттік маңызы бар кей бағдарламалардың үлесін азайтуды ойластыруда.

 

Жыл басында Ресей бюджетіндегі тапшылық 1,2 трлн рубль болады деп жоспарланған. Алайда жаңа болжам бойынша тапшылық 3,8 трлн рубльге дейін жетуі мүмкін. Қазір Ресей билігі жетіспейтін қаржыны Ұлттық әл-ауқат қорынан алуда. Ресей Urals мұнайының бағасының түсуіне алаңдаулы. Қазіргі таңда ресейлік мұнай 60 доллар шамасында сатылуда. Алайда жыл соңына дейін ол көрсеткіш 45-48 долларға дейін түсуі мүмкін.

 

Ресейлік сарапшылар Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс ұзаққа созылса, мұнай бағасы өсіп, ресейлік мұнайға жаңа нарықтар табылуы мүмкін деп күткен. Дей-тұра қақтығыс жылдам аяқталды және мұнай бағасы қайта түсе бастады.

 

Ресей Ұлттық әл-ауқат қорынан қаржы алуды жалғастыруда. 2022 жылдан бері қордың қаржысы 2 есеге азайған. Сарапшылар бюджет тапшылығы арта берсе, қордағы қаржы 2027 жылға дейін түгесілетінін айтуда.

 

Аталған факторларды ескерген әскери сарапшылар Ресейдің бюджеттік тапшылығы соғыстың жүру барысына тікелей әсер ететінін жазуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар