Әлем жұртын елең еткізген оқиға – 13 маусымда Израиль ядролық нысандарға, әскери базаларға және командалық құрамға шабуыл жасап, Иранға қарсы ауқымды операция бастады.
Израильдің әскери-саяси басшылығы «Арыстан текті халық» операциясын бастап, оны «Теһеран тарапынан өсіп келе жатқан ядролық қатерге жауап» деп түсіндірді.
Сонымен Израильдің әуе соққысы салдарынан Ислам революциясы Сақшылар корпусының (ИРСК) жоғары басшылығын қоса алғанда ондаған адам қаза тапты. Ал Иран өз тарапынан «қанға – қан, жанға – жан» деп ұрандата қатыгез кек алуға уәде беріп, ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздерден ат-онын ала қашып отыр.
Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс неден басталды? Ол қалай дамыды және ядролық соғыс әлемге қауіп төндіре ме?
ИЗРАИЛЬ ИРАНҒА НЕГЕ СОҚҚЫ БЕРДІ?
Иранда шахтар режимі құлатылып, билікке аятолла Рухолла Хаменей бастаған шиит дін өкілдері келгеннен бері, 1979 жылдан бері Израильдің Иранмен қақтығысы жалғасып келеді. Аятолла Хаменей «Иран Израиль мемлекетінің бар екенін мойындамайтынын» мәлімдеп, оны «тарихи араб жерлерін басып алды» деп айыптады. «Сионизм - расистік идеология» деп жарияланды.
Израиль мен Иран қақтығысының негізгі тақырыптары:
Иран:
1) Израильдің заңдылығын қабылдамайды.
2) Израильді араб аумақтарын басып алып, киелі жерлерді, соның ішінде Иерусалимдегі Әл-Ақса мешітін қорлауда деп айыптайды.
Израиль:
1) Иранды исламшыл қозғалыстарды қолдау және ядролық бағдарламаны дамыту үшін экзистенциалды қауіп деп санайды.
2) Ирандағы антисемитизмді айыптайды.
2024 жылы Иран мен Израиль тікелей әскери қақтығысқа келді. 2024 жылдың сәуірінде Израиль Дамашықтағы Иран консулдығына шабуыл жасап, ИРСК-тің екі генералын өлтірді. Бұған жауап ретінде Тегеран Израильге 300-ден астам зымыран мен дрон ұшырды. Осыдан кейін Тель-Авив Исфаханға соққы берді. Шілде айында Израиль ХАМАС көшбасшысы Исмаил Ханияның, қыркүйек айында «Хезболла» басшысы Хасан Насралланың көзін жойды. Ал 2025 жылдың маусымында Израиль «Арыстан текті халық» дейтін арнайы операциясын бастады.
Текетірестің басталуы (13 маусым)
Израиль операциясы: 13 маусымға қараған түні Израиль әуе күштері Иран аумағына бірқатар соққы жасады. Израиль мәлімдемесіне сәйкес, бұл операция ядролық бағдарлама және баллистикалық зымырандармен байланысты нысандарды қоса алғанда, ондаған нысанаға «алдын ала, дәл, аралас шабуыл» болды. Премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың (Reuters) айтуынша, «басты мақсат - ядролық ғалымдар мен Натанздағы уран байыту зауытының көзін жою» болып табылады.
Иранның алғашқы шығындары: Соққылар салдарынан Ислам революциясы сақшылары корпусының қолбасшысы генерал-майор Хоссейн Салами, ядролық ғалымдар Мохаммад Махди Техранчи мен Ферейдун Аббаси, сондай-ақ Иран Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Мохаммад Багери қаза тапты. Натанздағы зауытта жарылыс болғаны туралы хабарланды.
Иран жауабы: Израиль Қорғаныс Армиясының (ЦАХАЛ) өкілі Эффи Дефрин мәлімдегендей, Иран Израильге 100-ден астам зымыран мен дрондар ұшыру арқылы жауап берді. Екі ел де өздерінің әуе кеңістігін жапты.
Жаппай соққы алмасу (14 маусым)
13-ші маусымда кешке және 14-ші маусымға қараған түні Иран 150-ден 180-ге дейін баллистикалық зымыран атып, соққы беретін ҰҰА («Араш» дрондарын қоса алғанда) іске қосты. Мақсаттар: Тель-Авивтің, Хайфаның және басқа қалалардың әскери базалары, әкімшілік ғимараттары мен тұрғын аудандары болды. The Jerusalem Post басылымы Израильде кем дегенде 4 адам қаза тауып, 70-тен астам адам жараланғанын хабарлады. Хайфада зымыран мұнай өңдеу зауытында дөп тиген.
Израиль Иранның әскери инфрақұрылымына, соның ішінде «Хамдам» және «Тебриз» әуе күштерінің базаларына, ӘШҚҚ позицияларына, сондай-ақ Натанз және Исфахандағы ядролық объектілерге жаңа әуе шабуылдарын жасады.
Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац Иранның жоғарғы басшысын: «Егер шабуыл тоқтамаса, Тегеран өртенеді», - деп ескертті.
Қақтығыстың кеңею қаупі: Иран өкілі (CNN) Израильді (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия деп аталады) қолдайтын елдердің базаларына шабуыл жасауға дайын екенін мәлімдеді. Иран Fars агенттігі әскерилерге сілтеме жасай отырып, соққының жалғасуы мен кеңеюі туралы ескерту жасады.
Жалғасты соққы алмасу және дипломатиялық қадамдар (15 маусым)
15 маусымға қараған түні тараптар соққы алмасуды жалғастырды. БАҚ-тың хабарлауынша, Иран алғаш рет гипердыбысты зымыранды (болжам бойынша Хайфа), сондай-ақ отын және энергетикалық қамтамасыз ету нысандары бойынша «Emad», «Ghadr» және «Kheibar Shekan» баллистикалық зымырандарын қолданған. Израиль Тегеранға (Қорғаныс министрлігінің штаб-пәтері мен мұнай қоймасын қоса алғанда) және Йеменге (мақсаттары нақтыланған жоқ), сондай-ақ SPND ядролық жобасының объектілері мен отын қоймаларына (ЦАХАЛ) шабуыл жасады.
Зардап шеккендер: Израильде түнде 8 адам (әйелдер мен балаларды қоса алғанда) қаза тапты, 200-ден астам адам зардап шекті (БАҚ-тың жиынтық деректері). Иранда да қаза тапқандар мен жараланғандар бар, соның ішінде Тегеран мен Кереджде де.
Иран мәлімдемелері:
Иран СІМ басшысы Аббас Аракчи Иран республикаға қатысты агрессия тоқтатылған жағдайда ғана Израильге шабуыл жасауды тоқтататынын мәлімдеді. Ол Иранның ядролық қару жасауға талпынбайтынын растайтын келісім жасауға дайын екенін растап, АҚШ-тың израильдік шабуылдарға қатысы жоқ екеніне күмән білдірді.
Ал өз кезегінде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Израильдің әскери басшылығы Иранға қатысты алға қойылған мақсаттар толық орындалмайынша, операцияны аяқтамайтынын айтты.
Соғыс жалғасады (16 маусым)
Бүгін Иран президенті Пезешкиан: «Иран ядролық қару жасауға талпынбайды. Бірақ, бізді ешкім ядролық өндіріс құқымыздан айыра алмайды», - деді.
Reuters агенттігі: «Иран Оман мен Катардың арағайындығынан бас тартты. Иранның Сақшылар корпусы Израильді түгел талқандағанға дейін соғысты жалғастыратынын мәлімдеді», - деп хабарлады.
Дәл қазіргі жағдай
Қақтығыс жалғасуда, екі тарап та әскери және азаматтық халық арасында айтарлықтай шығынға ұшырауда, инфрақұрылым бұзылған. Жауынгерлік іс-қимылдар географиясының одан әрі ушығу және кеңею қаупі сақталуда. Деэскалация жөніндегі халықаралық талпыныс әзірге өз нәтижесін бермеді.
Mezgil.kz