Қоғам белсендісі: ҚХА жұмысын жетілдіру - стратегиялық міндеттердің бірі!

Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына тұп-тура 30 жыл. Елішілік тұрақ­тылық пен татулықты қамтамасыз ету, мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыру дейтін ауқымды миссиясы арқалаған Қазақстан халқы Ассамблеясы – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым. Бүгінде бұл – конституциялық мәртебесі бар маңызды қоғамдық орган.

1745322179390794.jpg

(Сурет: assembly.kz)

Осы ретте біз қазақ тілінің жанашыры, қоғам белсендісі, «Қазақша сөйле» жобасының авторы Алла Платоноваға хабарласып, пікір сұрадық...

Алла Платонова – «Шапағат», «Мейірім» медальдерінің және «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық төсбелгісінің иегері. Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ауылында дүниеге келген.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде ұлтаралық татулық пен бірлікті нығайтуға үлес қосудамын. Ата-анам Молдавиядан қоныс аударған. Қазақстанда өскендіктен қазақ тілін жетік меңгеріп, мемлекеттік тіл саясатын дамытуға белсене атсалысудамын. Қазақ тілінде сөйлеуді мақтаныш санап, Қазақстанның әрбір азаматы, ұлтына қарамастан, мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс деп есептеймін», - дейді спикеріміз.

Алла Платонова:

– Қазақстан халқы Ассамблеясы - еліміздегі этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған бірегей институт. Бұл құрылымның басты мақсаты – әртүрлі ұлт өкілдерінің бейбіт әрі бірлікте өмір сүруін қамтамасыз ету, мәдени алуандылықты сақтау және дамыту.

Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) аясында бірқатар маңызды құрылымдар белсенді жұмыс атқарады. Олардың қатарында Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Ассамблея жастары, «Жомарт жан» орталықтары, Этно-медиация кеңесі, Журналистер клубы, Ғылыми-сараптамалық кеңес пен шығармашылық ұжым бар. Бұл құрылымдар қоғамның бірлігін нығайтып, ұлттық келісімді сақтау жолында елеулі үлес қосуда.

Ассамблея Қазақстан қоғамының тұрақтылығы мен ынтымағы үшін маңызды рөл атқарады. Ол этносаралық қатынастарды үйлестіруге, толеранттылықты нығайтуға, азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, Ассамблея - әрбір азаматтың өз мәдениетін, тілін сақтап, оны дамытатын алаң.

Оның жұмысын заманауи талаптарға сай жетілдіру – ел дамуының стратегиялық міндеттерінің бірі. Бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Оны жетілдіру - ортақ міндетіміз. Мен өз септігімді тигіземін деген ой әрбір азаматтың жүрегінде орын алуы тиіс.

Mezgil.kz


Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер

    Пікір жазылмаған

    Ұқсас тақырыптар