Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарын анықтады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.
Рейтингке Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, сондай-ақ Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті секілді ең жоғары ұпай жинаған ЖОО-дары кірді.
Жоғары оқу орнының бәсекелі артықшылығының маңызды факторы - білім беру қызметтерінің ұлттық және халықаралық нарықтардағы беделі. Бүгінгі таңда рейтингтер әлемдік білім беру нарығының негізгі барометрлерінің және әлеуметтік артықшылықтарды қалыптастыру құралдарының біріне айналды.
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің ұлттық рейтингі қазақстандық жоғары оқу орындарына өздерінің ұстанымдарын айқындауға, білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалауға, ЖОО-ның жоғары сапалы жұмысына жәрдемдесуге және ең бастысы - білім алушыларды көптеп тартуға және жұмыс берушілер үшін тартымдылықты кеңейтуге мүмкіндік береді.
Жоғары оқу орындарының рейтингісін анықтау білім беру жүйесінің ажырамас құралы болып табылады және республика жұртшылығы арасында үлкен қызығушылық тудырады.
2014 жылдан бастап Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жүргізетін қазақстандық ЖОО-лар рейтингісі маңызды критерийлер шеңберінде бағаланған ҚР-ның үздік университеттерінің тізімінен тұрады:
• талантты студенттер, оқытушылар және зерттеушілерді тарту;
• студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық мобильділігі;
• түлектерді дайындау және жұмысқа орналастыру сапасы;
• ЖОО мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі;
• оқытушылардың, докторанттар мен магистранттардың ғылыми жарияланымдарының бәсекеге қабілеттілігі.
АРТА ұлттық рейтингісі қоғамға білім беру қызметтерінің экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал ететін ЖОО бәсекеге қабілеттігін арттыру құралы ретінде, тұлға ретінде қалыптасу жолында білім алушыларды бағдарлайтын басты ресурс ретінде танылған.
АРТА ұлттық рейтингісіне қатысуға республиканың 75 ЖОО өтініш берді, алайда 17 білім беру ұйымы өтінішті дұрыс толтырмағаны үшін рейтингтен шеттетілді. ҚР 2018 жылғы жалпы рейтингісіне 58 ЖОО, оның 6 ұлттық, 21 мемлекеттік, 7 акционерлік және 24 жеке меншік білім беру ұйымдары кірді.
Цифрлық рейтинг нәтижесі келесі мәліметтерді ұсынуға және түлектерді, ата-аналарды, жұмыс берушілерді, жалпы жұртшылықты және басқа да қызығушылық танытқан адамдарды БАҚ арқылы, АРТА-ның ресми сайты арқылы ақпараттандыруға мүмкіндік берді:
• ТОП-20 ҚР ЖОО-ларының жалпы рейтингісі.
• Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы ЖОО-ларының рейтингісі (бағыттар бойынша);
• Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы ЖОО-ларының рейтингісі;
• PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы ЖОО-ларының рейтингісі;
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жүргізетін ТОП-20 жоғары оқу орындарының жалпы рейтингісі саралаудың маңызды критерийлері бойынша барлық негізгі көрсеткіштердің есебін шығару тәсілі арқылы анықталды.
Көш басындағы алғашқы үштікті мамандарды даярлаудың білім беру бағдарламаларының әрбір бағыты бойынша максималды көрсеткіштерге қол жеткізген ЖОО-лар алды. Рейтингтің келесі орындарын ЖОО үшін басымдықты бағыттар бойынша ұсынылған, мамандарды даярлауға арналған білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілік деңгейі бағаланған ЖОО-лар иеленді.
Осылайша, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің көпвекторлы рейтингісі жоғары оқы орындарының түрлі салаларын қамти отырып, оларды одан әрі дамытудың әлеуеті, ресурстары және басымдықтары туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуға, сондай-ақ білім беру мекемелерінің беделін және танымалдығын арттыруға жол ашады. Мұның бәрі түлектерге - оқу орнын таңдаудың, ал ата-аналарға, жұмыс берушілерге және қоғамға - жоғары сенімнің іргелі факторы.
Қазақстанның үздік 20 ЖОО-ның рейтингісі
Орын | ЖОО | Ұпай |
1 | Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті | 281 259 |
2 | Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті | 148 406 |
3 | М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті | 69 770 |
4 | С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті | 45 799-43 642 |
5 | Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті | 38 458 |
6 | Қазақ ұлттық аграрлық университеті | 32 238-31 403 |
7 | Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті | 27 775-26 583 |
8 | С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті | 26 431-22 809 |
9 | Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті | 20 663-19 902 |
10 | Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті | 16 923-15 757 |
11 | М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті | 15 024-14 996 |
12 | І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті | 13 920-12 271 |
13 | С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті | 10 612-9038 |
14 | Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті | 8482-7062 |
15 | Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті | 6880-5820 |
16 | Каспий қоғамдық университеті | 5196-4230 |
17 | М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты | 3937-3674 |
18 | Алматы басқару университеті | 3050-2973 |
19 | Инновациялық Еуразия университеті | 2299-1852 |
20 | Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар достығы университеті |