Жумбаев Дастан: Жүлделі 2-орын

Рухани жаңғыру: Жаңартылған білімнің маңыздылығы

Жүлделі 2-орын

Бүгінгі таңда қоғам білім беру жүйесінен экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге сай болуды талап етіп отыр. Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс.

Еліміздің білім беру жүйесіндегі негізгі тұлға педагог болғандықтан, оқытудың жаңа деңгейіне көшуге байланысты сапалы білім беру міндеті мұғалімге жүктеледі. Мұғалім оқыту әдістемесіне жаңалықтарды енгізіп, шығармашылықпен айналысып, үнемі өз білімін жетілдіріп отыру керек. Білімді жаңғыртудың басты мақсаты білім беру жүйесінің тұрақты дамуынан және оны ХХІ ғасыр қажеттілігіне сай қамтамасыз етуден тұрады. Қазіргі таңдағы білім беру саясатының ең бірінші міндеті – жоғары сапалы білім беруге қол жеткізіп әрі оны тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті де, өмірлік  қажеттілігіне сәйкестендіру. Үздіксіз білім берудегі математика рөлі көзге көрініп  тұрады. Мәселенің бәрі мынаған келіп тіреледі: математиканы қалай оқыту керек және оқу процесінде нені басты назарда ұстауға тиіспіз? Математикалық білімді қалай оқыту туралы алуан түрлі теориялық ізденістерде нақты практикалық міндеттерді шешуде математикалық әдістерге байланысты пікірлердің орын алуы – орынды құбылыс.

Осының бәрі қордаланып келгенде, ұстаздар қауымының тұрақты да, жүйелі қайта даярлануы мен кәсіби біліктілігін көтеріп отырудан хабар береді. 

Сабақ – оқушы мен мұғалім арасындағы білім алуға негізделген үрдіс. Жеті модульді тереңірек түсіну – сабақты жаңаша жоспарлауға мүмкіндік беретінін байқауға болады. Сабақтың мақсатын дұрыс айқындау, «мұғалім — оқушы, оқушы — оқушы» коммуникативті қарым – қатынасын оңтайлы ұйымдастыруға жол ашады. Мұғалімді оқушыға тек қана білім беру ғана емес, сонымен қатар, әрбір оқушының бойында шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары туралы ізденістер толғандырады. Сондықтан, рольдік ойындар, талдау, проблемалық мәселелерді шешу – жаңа форматты сабақтың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

Осы мақсатты алға қойып, өз тәжірибеме оқытуды жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабағымды түрлендіріп өткізу күнделікті дағды болып қалыптасты. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет -деңгейлерін дамытуда осы әдіс-тәсілдердің маңызы ерекше екендігін баса айтуға болады. Олай дейтініміз, бұл әдістер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді.

Қазақстанның білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі – жаңаша инновациялық көптілді білім беру моделін құру болып табылады. Заманауи мектеп бітірушілеріне шет тілін сапалы меңгеру – өмірден туындап отырған қажеттілік. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы, шет тілін еркін меңгеру сұранысын жоғарылатып, теориялық және практикалық білімді терең де сапалы меңгеру, шеберлік пен дағдысын талап етіп отыр. Көп тілді оқыту негізінде бейімдеу – дамыған тұлғаның әлемдік өркениетін кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілік кепілі. 

Білімді дайын қалпында қабылдамай, оны өздігімен қалыптастырудың тұлғаны дамытатындығы, өздігімен құрастырылған білімнің есте ұзақ мерзімде сақталатындығы тәжірибе жүзінде дәлелденіп келеді. Қайталау мен жаттауға негізделген білім тек есте сақтау дәрежесінде болса, құрастырылған білім білім үйренушіден түсіну, қолдану, талдау, ақпарат негізінде жаңа мазмұн құрастыру және бағалау сияқты белсенді әрекеттерді талап етеді. Сол себепті, пәндерді жекелей бермей, мазмұны жағынан ұқсас пәндерді біріктіре беруді тәжірибеге енгізіп келеміз. Нәтижесінде оқушы алып жатқан білімін қайда қолданатынын ұғынып, оқуға деген ынта-жігері артады. 

Білім берудің өзекті мәселелеріне зерттеу жүргізу еліміздің білім беру мәселелерін тиімді шешуге, оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыруға, 12 жылдық мектеп бағдарламасына сәтті көшуге септігін тигізетіні анық.

1.Жаңа білім технологияларының енгізілуі;

2.Оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі;

3.терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;

4.Оқушы жастарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру рөлінің күшейтілуі;

5.Өмірлік бағдар ретінде адам бойындағы құндылықтарға қажет жағдайда түзету енгізу және жаңадан жасау;

6.Білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы.

7.12 жылдық білім берудің мақсаты қоғамның мүддесіне өзін өзі белсенді етуге дайын, жаңа өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

8.Жалпы орта білімнің құрылымы балалардың психологиялық – физиологиялық тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес болады. ТМД және шетелдік ғалымдардың пікірінше физиологтар, психологтар, педагогтар 12 жылдық білім берудің құрылымы оқыту және жасерекшелігінің дамуына сәйкес болуын  ескеру қажет деп санайды. Жалпы алғанда, дүниежүзі елдерінде орта мектеп 3 сатыдан тұрады: бастауыш оқу 3-6 жылдық, негізгі (немесе кіші) орта мектеп 3-6 жыл және жоғарғы орта мектеп 2- 4 жыл.

12 жылдық мектепке ауысу бірқатар мәселелердің шешілуін талап етеді:

1.Бұл өзгерістің экономикалық негізделуі;

2.Бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етілуі (мемлекеттік стандарт, жаңа кітаптар);

3.Жаңа жүйеге лайық мұғалімдер даярлау, мұғалімдерді қайта даярлау жүйесін жетілдіру;

4.Жалпы және орта білім беру мектебінде нормативті-құқықтық базаның жетілдірілуі;

5.Санитарлық-гигиеналық нормалар және негізгі ережелеріне өзгерістер енгізу;

6.Мектепке дейінгі, бастауыш, орта жалпы және жоғары бейіндік білім беруде сабақтастықтың болуы;

7.Білім саласын елдің тарихи дәстүріне, мәдениетіне бейімдеу 

Қорыта келгенде, әр елдің білім беру және тәрбие саласында өзіндік ерекшелігі мен артықшылығы, тіпті кемшілігі де болады, осы себепті де біз Қазақстан  Республикасындағы оқушыға білім беру мен тәрбиені жан-жақты дамыту мақсатында шетелдік 12  жылдық білім берудің тек оң  және тиімді жақтарын алуымыз қажет.   Білім саласына өзгерістер енгізу үшін оны елдің тарихи дәстүріне, мақсатына, өндірісі мен мәдениет сұранысына бейімдеу керек.

Бүгінгі жалпы орта білімнің бағыты  өркениетті  елдерден қалмау, тегін, міндетті орта, үзіліссіз білім беру, мектептердің әр түрін енгізу.

Болашақта  ұстаздар жаңа заманның оқушыларына тәлім – тәрбие беруде оқушылардың  өмір тәжірбиесіне сүйеніп, пәнаралық байланысты пайдаланып, тәлім – тәрбиені әр саладан, соның ішінде экономикалық білім  мен  тәрбие беруге болатыны белгілі.

дастик.jpg

Жумбаев Дастан Алданышұлы,

№ 3 мектеп – гимназиясы

дене шынықтыру пәні мұғалімі.

І санатты, еңбек өтілі 14 жыл.

Астана қаласы.

 




Ұқсас тақырыптар