Саламатова Кулаим: Жүлделі 2-ші орын

«Рухани жаңғыру: Жаңартылған білімнің маңыздылығы»

Жүлделі 2-ші орын

«Ұстаз - бала жүрегі» деп даналарымыз тегін айтпаса керек. Ұстаз әр адамның қадір тұтып, бағалайтын ұлы тұлғасы емес пе?! Олай дейтін себебім, ұстаз алдынан шыққан әр адамның жүрегінде ұстазы ұлы тұлға болары хақ. Және ұстаз еңбегін осылай бағалап жатса нұр үстіне нұр емес пе?

Менде жасымнан ұстаз  болуды өз ұстазыма қарап, армандаған едім. Міне бүгін де сол арман жетелеп осы саланың қызметкері атандым. 

Мен тәрбиешімін...

Әрине, өзіме жүктелген жауапкершілікті білемін. Сондықтан да ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...» деген қағиданы берік ұстанамын. Менің ойымша, әр бір ұстаз балаға білім нәрін беруден жалықпауы тиіс. Сонда ғана ол ұстаз деген атқа әбден лайық болмақ.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласын оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсіндім. Ал бұл мақаладағы рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. 

Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда  тәрбие мен білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің  ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Оны балаларға ұғындыра отырып, болашақ еліміздің рухани бай тұлғасын қалыптастыру әрине біздің басты міндетіміз. «Ел боламын десең, бесігінді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір өсіп келе жатқан бүгінгі ұрпақ өз жері мен оның байлығының иесі болуы үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс.  

Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек  ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне тәрбие мен білімді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайық болуы тиіс. 

Ең бастысысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, балалардың балабақшада үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде – біздің тәрбиеші ретінде атқаратын жауапкершілігіміз өте зор.  

Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің  қосатын үлесі – жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп  білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға  сай орындау деп білемін. 

Өз мамандығын сүйген адам ғана үлкен жетістіктерге өз маңдай терімен қол жеткізеді.  Ешкім де кәсіби маман болып тумайды, тек сол мамандық иесі болуы үшін, аянбай тер төгіп, бүгінгі рухани жаңғырған жаңа әлемде, жаңа технологияларды жетік меңгерген, балаларды жастайынан білімге құштар болуды үйреткен де ғана шын маман иесі деген атақты иеленуге құқылы деп ой түйемін...

Елбасымыздың жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет». Жаңа білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен  қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.  Мен өз балабақшамда жаңартылған білім мазмұнына сәйкес күнделікті оқу қызметтерімде жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдаланып, сондай-ақ балаларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар мен тапсырмаларды қолдануға тырысамын. Бүгінгі бала, ертеңгі оқушы, одан әрі Егеменді еліміздің жаңа көзқарастағы, жаны рухани бай, жаңаша технологияларды жетік меңгерген азаматы болып шығатынына сөзсіз сенемін.

Мектепке дейінгі мекемелерде алған тәрбие мен білім барлық жолдың баспалдағы іспеттес. Балабақша балаларының  танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл- ой жұмысының тәсілдері қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу қызметін жолға қою керектігі саналады. Баланың шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Жаңаша білім беру тәрбиеші  мен бала арасындағы ерекше қарым – қатынас, тәрбиеші бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс- әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Баланы балабақша жасынан бастап ізденуге, білімге қызығуға, интеллектісі жоғары болуы үшін әр-түрлі зияткерлік байқау-сайыстарды ұйымдастыру – ол бүгінгі тәрбиешілердің іс-тәжіриебесін, білімділігін көрсетеді.

Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ еліміздің қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс.

Тәрбиеші болып еңбек еткелі, осы мамандығымның өзіме ең тиімді де ұтымды жағы-бұл балалармен күнде бірге болып, аз да болса бойларына жақсы қасиеттерді, жаңартылған білімді оқытуға, рухани жаңғыруды сіңіруге қосқан рухани  үлесім... 

кулаим.jpg

Саламатова Кулаим Бакбергеновна,

КМҚК №7 «Шұғыла» бөбекжайы I санатты тәрбиешісі.

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққұм ауылы.


Ұқсас тақырыптар