Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күнімен құттықтады

1.JPEG

Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты.

«Баршаңызды еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүрегіммен құттықтаймын. Бұл егемен елімізді дүниежүзіне танытып, бар жақсылықтың бастауы болған қазақ үшін қасиетті мейрам. Біз 27 жыл бұрын азаттық жалауын желбіретіп, береке-бірлігіміздің арқасында мерейлі мемлекетке айналдық. Биыл тәуелсіздіктің символына айналған Астананың 20 жылдық мерейтойын абыроймен атап өттік», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев игі дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында ерен еңбегімен дараланған ел азаматтарына қошемет көрсетілетінін атап өтті.

«Сіздер осындай мерекелі сәтті жоғары марапат пен мәртебелі атаққа ие болдыңыздар. Әрқайсыңыз көпшіліктің құрметіне бөленіп, өнегелі істеріңізбен жаңа Қазақстанды жаңғыртуға ат салысып жұмыс істедіңіздер, сондықтан Ақорда төріне жиналған баршаңыз үшін бүгін ерекше мерейлі күн деп санаймыз», - деді Елбасы.



Ұқсас тақырыптар