"Бар болғаны 500-ақ ш/м" Баян Алагөзова өз үйін көрсетті

1.jpg

Қазақстандық танымал тұлғалар - Баян Алагөзова, МС Сайлаубек, Айгүл Мүкей және Сәкен Жақсыбаев НТК телеарнасына өздері қазір тұрып жатқан үйлерін көрсетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Баян Алагөзованың пәтері Алматыда. Аумағы 500 шаршы метр. Жұлдызды продюсер журналистерге кішігірім саяхат ұйымдастырды. Ол өзінің жуынатын бөлмесін, ас бөлмесін, жатын бөлмесін көрсетті.

Дизайнер Сәкен Жақсыбаев та оңтүстік астанада тұрады. Ол да баспанасындағы ерекше заттарын паш етті.

Айгүл Мүкей Астанада тұрады. Оның да пәтері әдемі, жайлы әрі тартымды екен. Ал қабырғалары ұлымен түскен суреттерге толы.

МС Сайлаубек отбасымен бірге Алматының шетінде тұрады. Оның жер үйі орналасқан аумақ өте үлкен.


Ұқсас тақырыптар