Қара шаңырақ - ҚазҰУ

1934 жылы ірге тасы қаланған бұл университет бүгінде қазақ жоғары оқу орындарының альма-матеріне айналды.

222.JPG

Алатау бөктерінде орналасқан Алматы қаласының Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде арман қуып келген студенттер яғни біздерге барлық жағдай жасалған. «Студенттер қалашығы» аталғандай-ақ, алып Алматы шаһарының ішіндегі шағын қалада өмір сүріп жатқандаймыз. Өзіндік ішкі аурасы, жеке тәртіп, жарғысы, қызмет көрсету орталықтары мен студенттік кешендері бар «біздің мемлекетіміздің» ең үздік жетістіктері өткен ғасырдың 70-80 жылдарына сәйкес келеді. Осы кезеңде университетті белгілі қоғам қайраткері, академик Ө.Жолдасбеков (1970-1986) басқарды. Бүгінгі жайқалған қалашықтың алғашқы жұмыстары осы кісінің басқаруымен жүзеге асып, студенттерге барынша қолайлы жағдай қалыптастырды. 

Қазақ Ұлттық Университетінің інжу-маржаны - Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы. Бұл мәдени орталықта университет көлемінде өтетін іс-шаралар, түрлі басқосулар,мемлекеттік маңызы бар жолдаулар мен жиындарда студенттерден бөлек жалпы қала көлемінде көрермендер жиналады.

Бүгінгі күні университетімізде 20 000-ға жуық студент білім алады. Он бес факультеттен тұратын университетте үш мыңға жуық профессор-оқытушылар құрамы студенттерге білім беріп келеді. Осылайша 85 жылдық тарихында «үздік» деген ұғымды қалыптастырып, сол тұғырдан түспей келе жатқан ҚазҰУ бүгінде көпке көсіліп айтар мақтаныштарға толы.

Айнұр МЕЙРБЕКОВА,

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық 

Университетінің 1 курс студенті.



Ұқсас тақырыптар