Темекі баламаларының пайдасы туралы

Depositphotos_154155678_s-2015.jpg

Темекіні тұтынудан туындайтын зиянды барынша азайту мәселесі ғалымдарды  алаңдатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Ең ұтымды  тәсіл – жай ғана зиянды әдеттен біржолата бас тарту. Бірақ мәселе көпшіліктің қиындықты осылайша түбегейлі шеше алмайтынында, ал кейбір адамдар тектен-тек  шылым шегуді жалғастыруға ниетті, бірақ бұл ретте олар темекінің ағзаға тигізетін зиянды әсерін азайтуды қалайды. 

Қоғамның сұранысына жауап ретінде  әлемде электрондық сигареттер, содан кейін негізгі артықшылығы жану үдерісін жоққа шығару болып  табылатын, темекіні қыздыру жүйелері пайда болды.  Өйткені ғылым никотиннің өзі емес, жану өнімдері, соның ішінде улы шайырлардың зиянды екенін дәлелдеді.

 Әлемнің түрлі елдері ғалымдарының көпжылдық жұмысы нәтижесінде Филип Моррис Интернэшнл жаңашыл IQOS темекіні қыздыру жүйесін ұсынды. Дәл осы өнім зиянды төмендету мақсатына сай келе отыра, сол мезетте темекі шегушілердің тілектерін қанағаттандыратын «алтын орта» болып танылды. 

Девайс өндірушісі дәстүрлі сигареттермен салыстырғанда жүйені пайдалану зиянды 90-95%-ға төмендететінді көрсететін көптеген зерттеулерді жүргізген. Дегенмен, қоғамды тәуелсіз зерттеулер де қызықтыруда. Қазіргі таңда түрлі салаларда 26 тәуелсіз зерттеу әлдеқашан жүргізілген - токсикология, клиникалық зерттеулер, бүкіл дүние жүзі бойынша жетекші зерттеу институтары мен орталықтары үкіметтің тапсырысы бойынша немесе меншікті қаражаты есебінен жүргізілетін бихевиористикалық (адамның жүріс-тұрысының негіздерін зерделеуге орнатылған) зерттеулер. Осы зерттеулердің нәтижелері Филипп Моррис компаниясының өз зерттеулеріне мүлдем қайшы келмейді. Ал жуырда Бельгияның жас ғалымы Каролин Адрианес дәстүрлі емес тәсілдемемен ерекшеленетін тағы бір  зерттеу туралы әңгімелеп берген. Ол «Темекіні қыздыру жүйесінің электрондық сигареттер мен дәстүрлі сигареттермен салыстырғандағы тиімділігін эксперименттік зерттеу: қатты әуестікке, сынуға әсері, оң және теріс тәжірибе» деп аталады. 

Каролин Бельгиядағы Левен университетінің психология мен педагогика ғылымдары факультетінің студенті болып табылады және өз зерттеуін PhD бағдарламасы бойынша докторлық диссертациясын дайындау аясында өткізген. Оның орын алуына не себеп болды? Әңгіме Еуропадағы шылым шегушілердің санының 2014 жылдан бері өзгермей, 26% деңгейінде қалып отырғанында. Бұл шылым шегушілердің санына азайтуға бағытталған түрлі іс-шараларға қарамастан орын алуда. Сонымен қатар, баламалы девайстерді пайдаланатын адамдардың саны да тұрақты күйде сақталуда, атап айтқанда, 15%-ы электрондық сигареттерді байқап көрген, ал қазіргі таңда 2%-ы вейптерді қолдануда. Ал темекіні қыздыру жүйелері бойынша осы бағыттағы зерттеулер саны аз, сондықтан да Каролин Адрианес өзінің IQOS-тың, электрондық сигареттердің және кәдімгі сигареттердің салыстыруын өткізген болатын. 

Электрондық сигареттер мен темекіні қыздыру жүйелерінің дәстүрлі сигареттерді шегуге әуестікпен күресу тиімділігін анықтауға бағытталған зерттеуді қатысушылары болып, кем дегенде, 3 жыл бойы және осыған қоса, күніне 8 сигареттен кем емес шылым шегіп келе жатқан адамдар танылды. Сондай-ақ, олардың шылым шегуді тастау ниеті болмаған және олар баламалы өнімдерді байқап көруді қалаған. 3 күн ішінде қатысушылар 3 өнімнің (дәстүрлі сигареттер, IQOS және электрондық сигарет) біреуін пайдаланған болатын. Ал әр сессияның бастар алдында әр қатысушы кем дегенде 12 сағат бойы шылым шекпеген. Қатысушылар күн сайын сауалнаманың сұрақтарына жауап беріп, иісті газдың бар болуына анализ тапсырып отырған.

Нәтижелері қандай болды екен? Зерттеушілер темекіні қыздыру жүйесін пайдаланудың дәстүрлі сигареттерді шегуге әуестікті ең тиімді түрде азайтатынын анықтады. Сонымен қатар, зерттеуге қатысушылардың көпшілігі оның көмегімен шылым шегуден бас тарту немесе бұдан әрі оны сигареттердің орнына пайдалану үшін дәл осы жүйені таңдайтындарын атап өтті. 



Ұқсас тақырыптар