Америкалық тұрғындарға ақыр заман келгендігі жайлы хабар берген

8.jpg

Американың Орегон штатындағы Марион графтығының тұрғындары смартфондарына дүйсенбі күні кешке келген  шұғыл хабарламадан қорқып кетті. Ресми хабарламада қалада «халықты эвакуациялау» жарияланды деп берілген.

Қалалық билік суды өшіру туралы хабарлауды жоспарлаған көрінеді, нәтежиесінде олар тұрғындар арасында үрей тудырып алған.

Куәгерлер айтқандай, олар не істеу керектігін білмеген:  әскери басып алу немесе ақыр заман келді деп ойлаған.

Қаланың тұрғындары құтқарушыларға хабарласа бастапты , онда олар қате орын алғандығы және төтенше жағдай болмағаны айтқан. Біраз уақыттан кейін қала әкімшілігі  хабарлау жүйесінде ақаулар болғандығы туралы қайтадан хабарламалар жіберді.

 Биліктің айтуынша, Марион Каунти қаласының бірқатар аудандарында ауыз судың тоқтауы туралы хабарламаны жібермекші болған екен. Алайда, белгісіз себептермен, қате хабар түсіп, халық арасында дүрбелең туындаған. 

Бұл АҚШ-тағы хабарландыру жүйелеріндегі ақаудан болған бірінші жағдай  емес. Мысалы, жақын арада Флорида штатындағы шағын қаланың тұрғындарына зомби апокалипсис болатыны туралы ескертілген хабарламалар келген.

 

Дереккөз: ktk.kz

 



Ұқсас тақырыптар