Мәжбүр болған Мәскеу: Қытайға тағы жеңілдік керек

Ресей Қытайға сататын газ бағасын арзандатуды жалғастыруда. 2027 жылға дейін Ресейдің Қытайға сатқан газы Еуропа мен Түркияға сататын газынан 28%-ға арзан болмақ. Бұл туралы Bloomberg басылымы Ресейдің экономикалық даму министрлігінің зерттеулеріне сілтеме жасай отырып жазды.


10 стран решили перекрыть лазейку в санкциях ЕС для оплаты газа из России —  РБК

 

Министрліктің базалық сценарийі бойынша 2024 жылы Қытайға ресейлік газдың экспорттық бағасы 1000 текше метрге 257 долларды құрайды. Ал еуропалық нарық пен Түркия үшін 320,30 доллар болмақ. Осылайша екі нарық арасындағы баға айырмашылығы 19,76% деген сөз. Алайда алдағы үш жылда бұл көрсеткіш 28%-ға дейін жетуі мүмкін. Болжам бойыша 2025 жылы Қытай үшін баға 243,7 доллар, ал Еуропа мен Түркия үшін - 320,1 доллар, 2026 жылы 233 және 320 доллар, 2027 жылы 227,8 және 315,4 доллар болады деп күтілуде.

 

«Газпром» Еуропа мен Ресей арасындағы шиеленіске қарамастан Еуропадағы бірнеше елге газ жеткізуді жалғастыруда. 2023 жылы Ресейдің Еуропаға газ жеткізуі 1970 жылғы көрсеткішке дейін түсіп кетті. Соғысқа дейін «Газпром» Еуропаға орта есеппен жыл сайын 150 млрд текше метр газ сатса, 2018 жылы рекорд жаңартып, 201 млрд текше метрге дейін жетті. Ал соғысқа байланысты қазір бұл көрсеткіш 40-45 млрдқа тең.

 

Ресей Қытайға газды негізінен «Сібір күші» құбыры арқылы тасымалдауда. Құбырдың жобалық қуаты жылына 38 млрд текше метрді құрайды. 2023 жылы аталмыш құбыр арқылы Ресей Қытайға 22,7 млрд текше метр газ жөнелткен. «Газпром» 2025 жылы құбырдың толық қуатын қолданатынына сенімді.  

 

Ресей Қытай билігімен келісім жасап, «Сібір күші-2» газ құбырын салуды ойластыруда. Мәскеу мен Бейжің арасында ресми келісім бар, алайда Қытай тарапы құбырды салуға қатысты соңғы құжаттарға қол қоюға асығар емес. Аталмыш құбыр арқылы Ресей Қытайға жылына 50 млрд текше метр газ тасымалдау мүмкіндігіне ие болар еді. «Газпромның» жобасы бойынша құбыр 2030 жылы іске қосылуы қажет болатын, алайда құбырдың құрылысы әлі басталған жоқ.

 

Бейжің жобаны Мәскеудің өзі қаржыландыруын талап етуде. Ресей Украина соғысы үшін Европа нарығынан айырылды, ал газдың мол қорын экспорттайтын аймақ таппай бас қатыруда. Қытай билігі қазір Ресейден газды ең көп алып отырған ел саналады. Дей-тұра Бейжің Ресейден ұдайы газ бағасына жеңілдік сұраумен келеді. Сарапшылар Мәскеудің газ саласына Украина соғысы есеңгірете соққы жасағанын айтуда және алдағы жылдары ол айқын көрініс таба бастайды дейді. 2023 жылы «Газпром» газ өндірісін азайтуға мәжбүр болды, себебі газды жеткізетін құбыр мен сатып алатын нарық аз.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар