Алматы қаласында «Алаш туы астында» деректі фильмінің тұсаукесері өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«7 қыркүйекте сағат 11:00-де Алматы қаласындағы «Kinoplexx Sary Arka» (Алтынсарин көшесі, 24) кинотеатрында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Алаш туы астында» деректі фильмінің тұсаукесері өтеді», - делінген хабарламада.
Шараны ұйымдастырушылардың мәліметінше, деректі фильмнің Бас кеңесшісі - Мәмбет Қойгелдиев, шығармашылық кеңесшісі - Тұрсынжан Шапай.