Ердоған Путиннің қызын «тартып алды»

5.JPG


Анкарада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен РФ басшысы Владимир Путиннің кездесу салтанатында қызықты жайт болды. Бұл туралы кремлдік журналист Дмитрий Смирнов өзінің Twitter-інде айтты, деп хабарлады Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, президенттер делегациямен бірігіп фотоға түсейін деп жатқанда Ресей басшысының жанына үш қыз тұрып қалады да, Ердоғанның қасында бір де бір қыз болмайды. Сол кезде Ердоған Путиннің қасындағы қыздардың бірін өзінің қасына шақырып алады.

 Айта кетейік, 3 сәуірде Путин Түркия астанасына екікүндік ресми сапармен барды. Бұл – оның 18 наурыздағы сайлаудан кейінгі алғашқы ресми сапары.


Ұқсас тақырыптар