Башар Асад президент емес, патша болам дейді...

Сирия президенті Башар Асад ел басқару формасын өзгертуі мүмкін. Ол монархиялық билік жүйесіне өтуі ықтимал. Бұл туралы Сауд Арабиясының билігіне жақын «Элаф» басылымы жазды. Басылымның жазуы бойынша Асад өз әулетінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басқа жолын таппаған. Ол алдағы уақытта билік транзитін у-шусыз өткізіп, ұлына тақты қалдыру мақсатында монархиялық билікке өтуді қалайды.


Der Standard (Австрия): сирийский правитель Асад вновь становится  рукопожатным | 07.10.2022, ИноСМИ

 

«Башар Асад «Араб көктемі» оқиғаларынан кейін саяси қауіп-қатердің барлығын ескеретін болған. «Араб көктемінде» республикалық режим деп саналатын Тунистегі Бен Әли, Египеттегі Хұсни Мүбәрак пен Ливиядағы Муамар Каддафи режимі құлады. Ал Бахрейн сынды монархиялық биліктер наразылыққа қарамастан құламай, өз билігін сақтап қала алды», - дейді басылым.

 

Басылымның жазуынша Асад үшін қазіргі уақытта ең маңыздысы өз отбасының қауіпсіздігі. Сирия басшысы азамат соғысын аяқтаудың формуласын іздеуде. Ол соғыс аяқталған сәтте, елдегі жанжалды түбегейлі тоқтату үшін оппозицияны толық жоюы ықтимал. Асад республикалық монархия жүйесін қарастырып жатыр-мыс. Башар Асад өзі біраз жыл тәжірибе жинаған Ұлыбританияның жүйесіне қызығатынын бұрын да айтқан болатын. Ол ағылшын еліндегідей жүйені құруды аңсайды.

 

«Ол патша тәжін киюді ойлайды. Сұлтан немесе әмірдің тәжі қажет емес деп санайды. Неге? Себебі 1920 жылы 8 наурыз бен 24 маусым аралығында Сирия Араб патшалығы құрылған еді. Оны Осман империясына қарсы күрес қайраткері саналатын Фейсал қолбасшы құрды. Бұл Сирия билігі уақытша болса да шынайы тәуелсіз кезеңнің, қысқа ғана уақыттың бірі болатын. Артынша оларды француз әскері талқандады. Дегенмен осы бір екі айға созылған кезеңге сүйеніп, Асад монархиялық билікті жаңғыртуы ықтимал», - дейді «Элаф» басылымы.

 

Асадтың екі ұлы, бір қызы бар. Ол монархиялық жүйеге көшсе, тақ мұрагері кім болары белгісіз. Сарапшылар тіпті әйелі Асманың да таққа отыруы ғажап емес дейді. Асадтың әйелі сүннит және бірақтар қолдауға ие. Араб елдерінің ішіндегі барлық монархиялық жүйе тізгіні сүнниттер қолында, тек қана Оманда ибадиттер билік басында отыр. Бүгінде Араб елдерінде әйел патшайым билік басында жоқ, дей-тұра Асад әйелінің сүннит екенін ескере отырып басқа араб елдерімен қатынасты жақсарту мақсатында тақты жұбайына ұсынуы мүмкін.

 

Сарапшылар Асад монархиялық билікке ұмтылса, онда сыртқы елдердің мойындау мәселесі барын айтады. Еуропа елдері Асад билігін мойындамайды, сәйкесінше араб елдері де жаңа монархты мойындай қоюы екіталай.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар