Ресейдің Қазақстанды айыптауы: Саясаттанушылар не дейді?

Ресей саясаткерлері мен әскери сарапшыларының соңғы уақытта Қазақстанға қарата айтқан арандатушылық мәлімдемелері артты. Ресейдің Либерал-демократиялық партиясынан МемДума депутаты Андрей Луговой RuTube желісіне екі сериядан тұратын «Қазақстандық бөлініс» атты деректі фильмді жария етті. Ол деректі фильмде Қазақстанның Украина жолына түскенін, русофобия мен ұлтшылдық жайлы айтқан. Оның пікірінше Қазақстан билігі Ресейге қарсы күштермен бірлесуге қарсы емес, ал қоғам Ресейді айыптайтын әрекеттерге баруда дейді.


Казахстан и Россия должны сделать корректировки в торгово-экономическом  обороте – Путин - Аналитический интернет-журнал Власть

 

Андрей Луговой бұған дейін Батыс елдері тарапынан Александр Литвиненконы улады деп айыпталған болатын. Луговойдан кейін Ресейдің тағы бір депутаты Гурулев Қазақстанды айыптай сөйледі. Ол «Татарстанға жасалған дрон шабуылы Орталық Азия елдерінің аумағынан ұшырылуы мүмкін» дегенді айтқан болатын. Артынша Гурулевтің даусына ұқсас дауыспен айтылған «Украинадан кейін Қазақстан» деген аудиожазба желіде тарап, ызу-қызу талқыға айналды. Гурулев бұл аудиоға қатысы жоқтығын айтып, оны «Украина тарапы нейрожүйе арқылы жасаған» деп мәлімдеді.  

 

Әзербайжанның haqqin.az сайты аталмыш жайттарға байланысты Қазақстанның саясаттанушыларынан пікір алды.

 

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Тұқымов Еркіннің ойынша Ресей мен Қазақстанды бір-біріне қарсы қойғысы келетін күштер бар.

 

Тұқымов былай дейді: «Ол күштер бүгінде қатаң қарсылыққа тап болуда. Бұрын Қазақстанның аумақтық тұтастығына күмән келтіріп, сепаратизм шоғын үрлегісі келген арандату сипатындағы Ресейдің кей депутаттарының мәлімдемесі болғанын білесіздер. Қазақстан Үкіметі мұндай мәлімдемелерге дер кезінде қарсы жауап беріп, әрекет етіп келеді. Еліміздің солтүстігінде сепаратистік көңіл-күйлер дереу арада тоқтатылуда. Соңғы уақыттарда бұл тұрғыдан маңызды оқиғалар тіркелген жоқ. «Қазақстан жасанды мемлекет» деп қауіпті сөздер айтатындар, Қазақстанның тарихы терең екенін, Қазақ хандығы бес жүз жылдан астам уақыт болғанын біле тұра айтпайды. Біз өзге елдердің аумақтық тұтастығы мен суверенитетін құрметтейміз және өзіміздің мемлекетімізге деген тұтастықты құрметтеуді талап етеміз.

 

Барлық арандатушыларға ескерту жасағым келеді. Қазақстанның конституциясында суверенитетке қол сұғушылық қатаң жазаланатыны көрсетілген. Кеңес дәуірінен бастап бізде этникалық принцип бойынша бөлініс немесе ұлттық автономиялар болған емес. Соңғы жылдары Қазақстанның басты экономикалық серіктесі Қытай, ал басты инвесторы ЕО болуда. Бұл Ресейдегі кей топтарға ұнамауы мүмкін деп ойлаймын», - дейді.

 

Қазақстандық саясаттанушы Димаш Әлжан да бұл жайтқа пікір білдірді. «Украинада соғыс басталмай тұрып, Кремль бұрыннан қоғамды өз маңайына топтастыру үшін эскалация саясатын қолданып, сыртқы жауды іздейтінді әдетке айналдырған. Екінші жағынан Мәскеу қазіргі сәтте Қазақстан қоғамының көңіл-күйі Ресейді қолдамайтынын жақсы біледі. Ресейдің Украинаға басып кіруі және сол аймақта көптеген әскери қылмыс жасауы Қазақстан қоғамын ғана емес, жалпы Орталық Азия қоғамын поляризациялады және антиресейлік көңіл-күйді өршітті. Сол себепті де Ресей билігі пропагандалық шабуылдар арқылы ақпараттық кеңестік пен саяси билігімізге қысымды арттыруға тырысуда. Мәскеу Астананың Ресейдегідей өзге ел агенттері заңын қабылдап, азаматтық сектордағы сырттан қаржыландырылатын әрекеттерді тоқтатуды қалайды. Ресейдің сырты экспансиясын айыптайтын елдерге қарсы Мәскеудің ашық агрессия шашу пропагандасы бар», - дейді саясаттанушы.


Бүгінде Ресей саясаткерлері Қазақстанның санкцияларды бұзуға жол бермеуі мен қаржылық секторда ресейлік компаниялардың төлемін ұзақ тексеруіне наразы.


Mezgil.kz 



Ұқсас тақырыптар