Мұхтар Шаханов әруақтардан кешірім сұрады

Мұхтар Шаханов әруақтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды mezgil.kz Мақсат Рамазанның Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жазбасына сілтеме жасап. Аталмыш жазбада ақынның әруақтардың барлығынан кешірім сұрағаны жазылған.

"Даулы оқиғаға қатысты азулы ақын Мұхтар Шаханов бүгін былай деп кешірім сұрады:

"...Кім шындығын жоғалтып алса, ақты ақ, қараны қара деуден қалса, яғни сөзі басқа, ісі басқа болса, ұлттық, ғаламдық мүддеге тамыр жібере алмаса, пенделіігі тек өзін емес, қоғамды да алдаса, ондай ақынның да, ғалымның да, саясаткердің де даңқы далбаса. Сондықтан, шындықты айтқаным үшін, әруақтардың барлығынан кешірім сұраймын! Менің сөзім осы!"

Еске сала кетсек, белгілі ақын Мұхтар Шахановтың ұлы тұлғалар Мұқағали Мақатаев пен Жамбыл Жабаевқа қатысты жазбасы жұрттың қызу талқысына түскен еді. Сол жазбаға орай бүгін Қазақстан Жазушылар одағына Жамбыл Жабаевтың ұрпақтары және ақынның жеке басын қорлауға бергісі келмейтін наразы топ өкілдері жиналып келіп, Мұхтар Шахановты одақтан шығаруды талап еткен еді. Жазушылар одағының басшылығы наразы топтың өтініштерін арнайы қарайтынын, осы аптаның ішінде бір шешімге келетіндерін айтты.




Ұқсас тақырыптар