Ресейден қашқан мигранттар енді Қазақстанға ағылуы мүмкін...

«Крокустағы» қанқасаптан соң, Ресейде анти-мигранттық науқан басталып кетті. Әуелі Ресей президенті Путин: «Миграциялық саясатты бақылауда ұстауымыз керек», - деп сөйледі.

1711471375490132.jpg

Путинің осы сөздері анти-мигранттық науқанға старт бергендей болды.  Z-пропоганда әл-әзірден бар бәлені мигранттарға үйіп төгуге кірісіп кетті. «Ресейдегі ОА мигранттары жасаған қылмыстардың жалпы көрсеткіші 75 пайыздан асып кетті», - деген тезис жаппай таратылып жатыр.

Ал РФ Бас Прокуратурасы аймақ басшылықтарына мигранттарды дереу бақылауға алуды тапсырды. Осыдан соң Ресей полициясы еңбек мигранттарына қарсы рейдтер ұйымдастыра бастады.

Ресей Думасының депутаты Сергей Миронов: «ОА-ның бірсыпыра елдерінің азаматтарына жасалған визасыз режимді алып тастауымыз керек», - деп сөйледі.

Думаның тағы бір депутаты Михаил Шеремет соғыс кезінде мигранттардың Ресейге келуін шектеуді ұсынды.

Z-блогерлер мигранттарға қарсы ақпараттық науқан бастаса, Константин Малофеев дейтін шовинист-олигарх «мигранттармен күрес» қорын құратынын мәлімдеді.

Әсіресе, «Крокустағы» қанқасаптан соң Ресейде жүрген Тәжікстанның еңбек мигранттары қысым мен қудалауға ұшырай бастағанын мәлімдеді.

Қайсыбір есептерге қарағанда, Ресейде ОА елдерінен жиынтығы 6 млн еңбек мигранты бар екен. Олардың дені: Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан азаматтары. Ал «Крокустағы» қанқасапты жасады немесе оған жанама қатысы бар деген күдікпен Тәжікстанның 4 азаматы тұтқындалды. Тағы бір күдікті Қырғызстан азаматы болып шықты.

Қырғызстан СІМ-і өз азаматтарына үндеу жасап, анти-мигранттық науқанға байланысты, жеке бас қауіпсіздігі үшін Ресейге уақытша бармай тұруға кеңес берді.

Ресей билігінің мотиві түсінікті. Мемлекеттік қауіпсіздік һәм сақтық: Десе де дәл осы қарқыннан қайтпайтын болса, алдағы уақытта орыстар өз көшелерін өздері сыпыратын күн де алыс емес. Өйткені, дәл қазір ОА-лық әрбір мигрант – Ресей үшін потенциалды түрде қылмыскер деп есептеліп отыр.

Бұл тұста Қазақстанғға сақтанар, қақпаға қырағы болар мәселе де бар: Ресей мигранттар үшін жайлы географиялық нүкте болмай бара жатыр. Ондай жағдайда, ОА-дағы көршілеріміздің арзан еңбек күші Қазақстанға қарай ағылуы әбден мүмкін. Бұл жерде туындайтын 2 мәселе бар:

Біріншісі: ОА-ның арзан еңбек күші еліміздегі онсызда жылдар бойы шешілмей келе жатқан жұмыссыздық мәселесін еселейді. Ресми есептің өзінде елімізде жарты миллионнан көп жұмыссыздар тіркелген. Ал бейресми есепте бұл көрсеткіш бірнеше еселенеді.

Қазірдің өзінде еліміздің ірілі-ұсақты қалаларындағы такси жүргізушілерінің дені ОА елдерінің мигранттары. Әсіресе, Алматыда...

Екіншісі: Терроризм қаупі. ОА-ның кейбір елдерінің радикалды ағымдармен байланысы бар азаматтары Қазақстан аумағына өтіп, лаң салмасына кепілдік жоқ.

ОА елдерінің ешбірін кемсіту ойымызда жоқ, тек факт: ОА-дағы Қырғызстан мен Тәжікстанда діни ұстанымдарға берік азаматтар көп. Олардың қайсылары радикалды, қайсылары дұрыс діни ұстанымда, және ажырату қиын.

Сондықтан, Қазақстанның құзырлы органдары ел шекарасына, қақпасына қырағы болуы қажет-ақ!

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар