Өзбекстан Ресейге қарсы санкцияға қосылды. Қазақстан қайтпек?

Венгрия Еуроодақтың Ресейге қарсы санкцияларының 13-пакетін бұғаттаса, Өзбекстан Ресейге қарсы қаржылық санкцияларға қосылуға шешім қабылдады. Енді осылар жайлы сөз ете кетейік.

1708075514210035.jpg

The Insider: «Венгрия Еуроодақтың Ресейге қарсы санкцияларының 13-пакетін бұғаттады», - деп жазады. Ал Financial Times: «Венгрия 14 ақпанда ЕО елшілерінің кездесуі барысында Еуроодақтың Ресейге қарсы санкцияларының 13-пакетін бұғаттады», - деп жазады.

1708075340807725.jpg

ВЕНГРИЯ РЕСЕЙДІ ОЙЛАЙ МА, ҚЫТАЙДЫ ОЙЛАЙ МА?

Венгрия жаңа санкциялар пакетін қабылдауға қарсы болған жалғыз ел болды. Бұл жолғы санкциялар Ресей, Қытай және Ресейлік ӘӨК-мен ынтымақтасатын басқа да елдердің 200-ге жуық жеке тұлғалары мен ұйымдарына қатысты шектеу шараларын қамтитын.

Венгрияның табандап қарсы шығуына себеп - Қытайлық компанияларға қатысты шектеулерді енгізу перспективасы болған. Венгрияның ЕО-дағы елшісі ұсыныстардың мазмұнын талдау үшін қосымша уақыт сұраған. Талқылау келесі аптада жалғасады. Санкциялардың жаңа пакетін қабылдауды жақтаушылар Украинадағы кең ауқымды соғыстың екінші жылдығы - 24 ақпанда келісімге қол жеткізуді жоспарлап отыр.

1708075278267219.jpg

ТОСЫН СОҚҚЫ: ӨЗБЕКСТАН РЕСЕЙГЕ ҚАРСЫ САНКЦИЯЛАРҒА ҚОСЫЛДЫ

Өзбекстан билігі іс жүзінде Батыстың Ресейге қарсы қаржылық санкцияларына қосылуға шешім қабылдады.

«Ведомости» хабарлағандай, Өзбекстан Парламенті бірінші оқылымда санкцияланған жеке және заңды тұлғалар үшін елдегі банк операцияларына тыйым салатын заң жобасын мақұлдады.

«Бұл бастама Өзбекстанға қатысты қайталама санкцияларды қолдану қаупінен, яғни санкциялық режимді бұзғаны үшін шаралар қолданудан туындады», - деп түсіндірді Өзбекстан Мәжілісінің баспасөз қызметі.

«Чехия, Латвия және Эстония санкцияларына қосылғандардың тәжірибесін ескере отырып әзірленген заң жобасы Орталық банкке қосымша өкілеттіктер береді. Ол «банк секторындағы санкциялық жүйесінің тиімділігін арттыру» үшін қажет», - деп атап көрсетеді Мәжіліс.

Ресейге параллельді импорт хабтарының біріне және Ресей азаматтарының «карточкалық туризмінің» басты бағыттарының біріне айналған Өзбекстан соғыстың бірінші жылында 300 мыңнан астам ресейліктерді қабылдады. Олардың 60 мыңы банк шоттарын ашты. Ресейден Өзбекстанға ақша аударымдарының көлемі 160%-ға, рекордтық $14,5 млрд-қа (2022 жылы) дейін өсті. Ал ресейлік кәсіпкерлер республикада ашылған компаниялар саны бойынша рекордсменге айналды.

1708075372653302.jpg

ҚАЗАҚСТАН ҚАЙТПЕК?

«Бірақ ЕО және АҚШ шенеуніктерінің Орта Азияға бірнеше рет баруынан кейін, Өзбекстан банктері ресейліктер үшін жағдайды қатаңдатқан. Іс жүзінде қабылданатын заң жобасы қалыптасқан тәжірибені ғана бекітеді: Өзбекстандағы банктер санкциялық тұлғалармен транзакция жүргізбейді», - дейді «Санкциялық құқық және комплаенс» тәжірибесінің жетекшісі Денис Примаков.

Былтыр АҚШ пен Батыстың саяси басшылығы ОА елдеріне, соның Қазақстан мен Өзбекстанға ресми сапармен бірнеше кезек келіп-кеткен. Бұл келістердің барлығында дерлік Қазақстан мен Өзбекстан билігіне жанама санкциялардың болуын ескерткен. Ресейдің санкцияларды айналып өтуіне жол бермеуге шақырған. Сол сапарлардың алғашқы нәтижелері көріне бастады. Ол Өзбекстанның санкцияларды қолдау туралы қабылдаған шарасы болып отыр. Енді Қазақстан қайтпек?

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар