Мемлекеттік басқарудың жаңа кезеңі: Үкіметті Олжас Бектенов тізгіндеді

Кеше президент Тоқаев Әлихан Смайылов тізгіндеген Қазақстан Үкіметін отставкаға жіберген еді. Бүгін Парламенттегі айқын басымдыққа ие «Аманат» партиясы жаңа Үкімет басшысы қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынған.

1707210669865665.jpg

Президент Тоқаев жалпы жиын алдында, Парламент фракцияларының жетекшілерімен жолығып, Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынған. Талқылауға «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров қатысқан.

1707210432682851.jpg

(Сурет Ақорда телеграмынан алынды)

Сонан соң Мәжілістегі алқа-қотан жиынға Президенттің өзі барып қатысқан. Сол жиында жаңа Премьердің кандидатурасы бекітілді. Қазақстан Үкіметін – 44 жастағы Олжас Бектенов тізгіндеді.

Депутаттар оның кандидатурасын қолдап дауыс берді.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ КІМ?

Бектенов биыл 44-ке толады. Алматының тумасы. Қазақ мемлекеттік заң академиясын 2001 жылы тәмамдаған. Мамандығы – заңгер.

Осыған дейін: 2023 жылдың сәуіренін бері ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы қызметінде болған. Оның алдында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін басқарған. 2018-2022 жылдар аралығында антикоррупциялық агенттікте түрлі лауазымдарды болған.

Әр жылдары Алматы, Астана қалаларында, Ақмола облысында, ҚР Президент әкімшілігі, Премьер-министрдің кеңсесі, Әділет министрлігінде мемлекеттік қызметтерде болған.

Әскери шені: Антикоррупциялық қызметтің Генерал-лейтенанты.

Марапаттары: II дәрежелі Айбын, II дәрежелі Даңқ ордендері.

Ғылыми дәрежесі: Заң ғылымдарының кандидаты.

Дауыс беру қалай өтті?

Қазақстан халық партиясы мен ЖСДП дауыс беруден қалыс қалды. Қалғандары қолдап дауыс берді. Сөйтіп, Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметін тізгіндеді. Парламентте сөз сөйлеген президент Тоқаев Әлихан Смайылов отставкаға өз еркімен кеткенін мәлімдеді. 

Мәжіліс алдында сөз сөйлеген жаңа Премьер-министр Олжас Бектеновтің бірнеше тезисі:

- Жаңа экономикалық импульс керек. Шын мәнінде жедел әрі тағдыршешті шешімдер қабылдау керек!

- Екпінді өндіріске, мұнай және өзге де маңызды салаларға береміз!

- Отандық өндіріске қарқын беретін маңызды шешімдер қабылдаймыз. Қазақстанда өндірілетін өнімдердің көлемін арттыру маңызды. Офтейк-контракттер бойынша жүйені толыққанды іске қосу керек.  

- Біздің маңызды міндетіміз – Отандық өндірісті қолдау! Отандық кәсіпкерлерді демеу!

- Ауыл шаруашылығының потенциалын тиымды пайдалануымыз керек!

- Жасанды интеллект пен жаңа технологияларды қолдану аясын кеңейтудыж оспарлап отырмыз.

- Заң үстемдігін қамтамасыз ету шаралары мен қоғамды мазалап отырған өзге де актуалды бағыттар Үкіметтің назарынан тыс қалмайды!

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар