2024 жыл: Әлемдік экономиканың өсімі өте төмен болмақ

Әлем экономикасының өсуіне қатысты болжамдар жағымды емес. Бұл туралы бірқатар әлемдік БАҚ сарапшылардың пікірін біліп, өз болжамдарын жария етті. CNN, FT, DW басылымдарына пікір білдірген экономистер 2024 жылы әлемдік экономиканың өсімі қарқынды болмайтынын айтуда. Яғни өсім бойынша тағы да антирекорд болуы ықтимал. Ал Дүниежүзілік банктің өз болжамы дайын. 


Мировая экономика в 2021 году — кто выиграет, а кто проиграет? - New Style

 

Дүниежүзілік банк 2024 жылға өз болжамын жасап, соңғы 30 жылдағы экономиканың өсімі ең төмен жылдың бірі болуы мүмкін екенін мәлімдеді. «2024 жылы әлемдік ЖІӨ-нің өсуі бар болғаны 2,1-2,4 пайыз болады» деген сарапшылар болжамын ескерсек, расымен экономикалық өсім баяу болатынын түсінеміз.

 

Дүниежүзілік банк әр 6 ай сайын өз болжамын жариялайды. Болжам көбіне бір жыл ішінде болуы мүмкін саяси тәуекелдерді де ескереді. Әдетте Дүниежүзілік банк болжамы шынайылықтан ауытқымайды және жыл соңында болжамның көп тұсы іске асқынан түсінуге болады. Кей сәтте экономикалық болжамның қате болуына күтпеген дағдарыстар, табиғи апаттар мен қарулы қақтығыстар әсер етеді.

 

Дүниежүзілік банктің болжамынша 2024 жылы АҚШ экономикасының өсімі 2 пайызға жетпеуі мүмкін. Бұл экономиканың рецессияға кетуіне ықпал етпек. Ал АҚШ-тағы экономикалық ахуал әлемнің барлық еліне өз әсерін тигізеді дейді сарапшылар.

 

Қытайдың экономикалық өсіміне қатысты да пессимистік көзқарастағы болжам айтылды. Соңғы 30 жылдағы ең қарқынды экономикалық өсім көрсеткішін Бейжің ақырындап жоғалтуда. 2024 жылы Қытайдың экономикалық өсімі 4,4-4,5 пайыз, ал 2025 жылы 4,1-4,3 пайыз болуы мүмкін. Қытай экономикасы дағдарысқа ұшырамауы үшін экономикалық өсім кемі 5 пайыздан төмен болмауы қажет дейді экономистер. Еуропа елдерінің өсіміне қатысты да жағымды болжам жоқтың қасы. Экономикалық өсім кей елде 0,4-0,7 пайыз аралығында, ал кей елде 1,6-1,8 пайыз аралығында болуы ықтимал дейді Дүниежүзілік банк.

 

Ресейдің экономикалық өсіміне қатысты да Мәскеу қуанарлық болжам айтылмады. Дүниежүзілік банк болжамынша 2024 жылы Ресейдің экономикалық өсімі 1,3 пайыз, ал 2025 жылы 0,9 пайыз болуы ықтимал.

 

Экономикалық болжам жасау барысында мұнай бағасына да назар аударылған. 2024 жылы мұнай барреліне 81 доллар, ал 2025 жылы 78 доллар болуы мүмкін дейді сақа сарапшылар.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар