Сарапшылар: Израиль экономикасы күн санап шығынға батуда

Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыстың жалғасып жатқанына үш айға жуықтады. Израиль әскері Газаға кіріп, ұрысты қалаларда жүргізуде. Ал Израильдің өз ішінде билікке қарсы оппозициялық күштер үкіметтің жұмысын қатаң сынға алып, биліктен кетуге шақыруда.


Politico узнал об ударах Израиля, нанесенных вопреки просьбам США — РБК

 

«Еш Атид» оппозициялық партиясының өкілі Мики Леви ел премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды дереу арадан қызметткен кетуге шақырды. Ол жалғасып жатқан соғыстың салдарынан экономикаға орасан шығын келуде дейді.  

 

The Jerusalem Post-тың жазуынша депутат премьер-министрді сынға алып, «елдің жағдайына қарағанда өзінің саяси мансабын жоғары қоюда» деп айыптаған. Сарапшылар соғыс аяқталған соң немесе қақтығыс бітпей тұрып премьер Нетаньяху қызметінен кетуі мүмкін деген болжамды айтуда.

 

Депутат Леви премьердің ел ішінде қаржыны мәнсіз жобаларға жұмсап жатқанына наразы. «Еврей ұлтының бірегейлігі» жобасын іске асыруға 600 млн шекель бөлген үкіметтің ойын түсіну қиын» дейді ол.

 

Израиль БАҚ-тары соғыс салдарынан 2024 жылы ЖІӨ болжамды деңгейден әлдеқайда төмен болуы ықтимал деп жарыса жазуда. Мамандар Израильдің Газа секторындағы әскери операциясы тым қымбатқа түсіп жатқанын айтуда. 7-қазаннан бері млрдтаған доллар кеткен соғыстың қашан аяқталары белгісіз. Израиль билігі қоғам наразылығын тудырмау үшін қаржылық шығынды жария етпеуде. Алайда ақпарат беттерінде 25-37 млрд доллар шығын келді деген сандар да жылт ететін сәттер бар. 

 

Газадағы соғыстан бөлек, Израиль Хезболла шабуылынан сақтану үшін елдің солтүстігінде 100 мың әскерді топтастырған. Бұл да көп қаржыны қажет етеді. Йемендегі хуситтердің Израиль порттарына бағыт алған кемелерді басып алуы да экономикалық шығынды арттыруда.

 

Экономистер Израильдің шығыны тек әскери операцияға жұмсалған тікелей қаржымен ғана емес, салынған инвестицияның азаюы, туристер  ағынының еселеп түсуімен де өлшенеді дейді. Ол кемі ондаған млрд долларды құрайтынын айтуда. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар