Сарапшылар: Қытай экономикасын Жапония жолы күтіп тұр

Халықаралық рейтингтік Moody’s агенттігі өз болжамымен бөлісті. Мемлекеттердің қаржылық мүмкіндіктерін бағалап, инвесторлар бағыт-бағдар беретін агенттік бұл жолы Қытай экономикасына қатысты жағымсыз болжам жасаған. Қытайдың несиелік рейтингін Moody’s «тұрақты» көрсеткішінен «жағымсыз деңгей» көрсеткішіне дейін төмендетті.


Производственная активность в Китае падает из-за ужесточения антиковидных  мер – Публикации – Finversia (Финверсия)

 

Мұндай болжам жасауға басты себепкер болған Қытайдың үздіксіз өсіп отырған ішкі және сыртқы қарызы. Пандемиядан кейін экономиканы өсіруге барын салған Қытай билігі жергілікті кәсіпкерлерді ынталандыру үшін жаппай несие таратып, мемлекеттік кәсіпорындарға да берілетін шексіз несие санын арттырған. Аталмыш тараптар экономикалық өсім көрсетуде қиындыққа тап болуда. Әсіресе ішкі нарықтағы жылжымалы мүлік саласына салынған қаржы өзін ақтамаған. Соңғы уақытта сатып алу азайған, ал жылжымайтын мүлік салуға мемлекет көп көлемде несие таратқан.

 

Moody’s агенттігінің болжамы бойынша 2024-2025 жылдары Қытайдың ЖІӨ-і 4%-ға өспек. Ал кейін 2030 жылға дейін ол көрсеткіш 3,5-3,8% аралығында болады деп болжануда. Алайда Қытай билігі кемі жыл сайынғы өсім 5%-дан төмен болмауы тиіс дейді. Экономика саласының сарапшылары 70-жылдардан бастап арзан жұмыс күші және сырттан құйылған орасан инвестиция Қытайдың экономикасын өсіргенін, ендігі таңда бұл артықшылықтар Қытайдан кете бастағанын айтты.  

 

Си Цзиньпин қазан айында экономиканың өсімі бірден тоқтамау керектігін айтып, тапсырма берген болатын. Сол сәтте бюджеттің дефициті рекордтық негізде артты. Қытай бюджетінің тапшылығы соңғы 30 жылдағы ең рекордтық көрсеткішке жетті дейді мамандар. 2023 жылы Қытай билігі мемлекеттік облигацияларды қосымша саудаға шығарып, триллион юаньға сатқан. Бұл бюджеттегі тапшылықты еңсеру үшін жасалған-ды.

 

Дей-тұра Moody’s агенттігі Қытайдың ұзақмерзімді суверенді облигацияларын А1 дейгейінде қалдырып, оң бағалады. Fitch Ratings Ltd. пен S&P Global Ratings агенттіктері де бұл көрсеткішті оң бағалап отыр. Сарапшылар Қытай экономикасы әлемдегі үздік экономикалардың бірі болып қалатынын, алайда ендігі өсімі баяулай беретінін, Қытайды Жапония экономикасының жолы күтіп тұрғанын айтуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар