«Екі халық - екі мемлекет» формуласы: Қазақстан ХАМАС шабуылын айыптады

 Қазақстанның Сыртққы істер министрлігі Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығысқа байланысты мәлімдеме жасады.

1697539192699916.jpg

Аталған мәлімдемеде: «Қазақстан ХАМАС-тың Израильдің бейбіт тұрғындарына қатысты және оның ішінде шетелдіктерді аманатқа алу әрекетін айыптайды. Біз БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришаның ешбір шарт қоймай, тұтқындағыларды тез арада босуға һәм  гуманитарлық көмекке кедергісіз жол ашуына қатысты шақыруын қолдаймыз», - делінеді.

Қазақстан тараптарды жылдам арада соғыс қимылдарын доғарып, «екі халық үшін екі мемлекет» формуласы төңірегінде барша аймақ тұрғындарының тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне кепіл болып, бейбітшілікке қол жеткізуге атсалысуға шақырады.

ҚР СІМ Бішкектегі ТМД Саммитіндегі: «Ондаған жылдар бойы түйіні шешілмеген дүниені жүзеге асыруға қол жеткізу үшін лаңкестік амал-тәсілдерге жүгінудің не қажеті бар? Бұны ақтап әлекке түсудің еш керегі жоқ», - деп жасаған мәлімдемесін алға тартты.

«Қазақстан сонымен қатар, Израильді Газа секторындағы бейбіт тұрғындар арасында қисапсыз адам шығыны болмас үшін, азаматтық инфрақұрылымдардың талқаны шықпас үшін қауырт қимылдар жасаудан бойын аулақ салуға шақырады. Бұндай жағдайда ең бастысы халықаралық құқық нормалары, сондай-ақ, құдыс халқының заңды құқығын қарастыратын БҰҰ ҚК резолюциялары сақталынуға тиіс. Зорлық-зомбылық өзіне жауап ретінде қарсы зорлық-зомбылықты туғызып, айналып келгенде Таяу Шығыстағы және бүкіл әлемдегі трагедиялық себеп-салдарды туындатуға бастап алып келеді», – деп мәлімдеді СІМ.

Қазақ билігі біздің еліміз Газа секторындағы тұрғындарды басқа жаққа көшіретін уақыттық шектеуді алып тастауды және осы текетірестің бодауына айналған азаматтардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуді талап ететін халықаралық қауымдастықпен  бірге екендігін атап көрсетеді.

Естеріңізе сала кететін болсақ, 7 қазан күні Израиль премьері Биньямин Нетаньяху Израиль мен құдыстық ХАМАС қозғалысы арасында кең көлемді соғыс қимылдары басталғанын мәлімдеген болатын. Газа секторында Қазақстан республикасының 25 отбасысы қалып отыр. Израильде 400 отандасымыз тұрып жатыр. Олардың 118 елге қайтуға бейіл білдірген.

11 қазанға қараған түні бортында 124 отандасымыз бен 42 шетелдік бар ұшақ Тель-Авив ұшып шығып, Алматыға келіп қонды. ҚР СІМ бұған дейін қазақ елінің азаматының жоғалып кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар