Әлемнің 70%-ы: Ресей әлемдегі №1-ші агрессор мемлекет!

7 қыркүйек күні Америкалық «U.S. News & World» басылымында «Әлемге қауіп төндіретін үш алып: Ресей, Қытай мен АҚШ» деген ауанда деген мақала шықты. Біз аталған мақаланы Mezgil.kz оқырмандарына ұсынуды жөн көрдік.

1694166846966085.jpg

Американың жаңалықтар агенттіктері жүргізген түрлі сауалнамалар бойынша, әлемге үшінші дүниежүзілік соғыс қатерін төндіріп тұрған үш мемлекеттің аты анықталған. Олар: Ресей, Қытай мен АҚШ. АҚШ БАҚ-тарының жазуынша, Қытай мен АҚШ-тың көп жағдайда ым-жымы бір емес болса, респонденттердің басым көпшілігі АҚШ бастаған елдердің жаңалықтарын тұтыну негізінде «Ресейді жаһандық қауіп ордасы» деп танитындығын білдірді.

2023 жылғы «U.S. News Best Countries» сауалнамасы бойынша, Украинамен ардағы соғысы бір жарым жылға созылған Ресейді әлем елдерінің 70% азаматтары «әлемге қауіп төндіруші ел» деп санайды екен.

Сауалға қатысушы әлем азаматтары бұдан бөлек Қытай мен АҚШ да осындай өзгелер үшін өте қауіпті елдердің үштігіне қосып отыр.

Сауалнама әлемнің 87 елі бойынша 17 науырыз бен 12 маусым аралығында жүргізіліп, «адам құқығына құрметпен қарайды», «ең күшті армияға» және «ең мықты әлемдік альянсқа иелік етеді» сынды түрліше ассоциациялық сауалдар қойылып, соның саралануы негізінде әлемдегі алғашқы ондықтың рейтингісі шығарылған.

Ең жақсы ел рейтингісінде Ресей бір саты төмен түсіп, 37-ші орынға жайғасқан. Осы сауалдардың ішіндегі «АҚШ, Қытай және Ресей әлемге қауіп төндіретін елдер ме?» деген жеке сауалға азаматтардың «72%-ы Ресей, 66%-ы Қытай және  50%-ы АҚШ» деп жауап бергендігі белгілі болды.

Осы орайда сауалнамаға қатыстқан Дания, Финляндия, Жапония және Польшеа тұрғындарының  90%-ы «Ресейді әлемге қауіп төндіруші ел» деп таниды екен.

Украинанаға Ресеймен соғыста көмек беруді қолдайтындар 80%-ды құрайды. Бұл қолдау 2022 жылы 85% болған еді. Оның 5%-ға кемуін соғыстағы құрбандықтармен байланыстыруға болады.

«The New York Times» жазуынша АҚШ ресми өкілдері екі жақтан қаза тапқандардың саны 500 000 жақындап қалғанын мәлімдеді.

АҚШ тұрғындарының «88%-ы ең басты қауіп - Қытай» деп санайды. Жапония (91%) мен Оңтүстік Корея (86%) азаматтарының пікірі де осы шамада. Демократияшыл америкалықтардың 50%-ы, консервативті республикашылардың 17%-ы ғана «Ресейді әлемге қауіпті ел» деп санайды.

«Best Countries-тің» сауалнамасындағы ең қауіпті ел – АҚШ деп санайтындардың көшін «Қытай 75%-ға жуық», сонан соң «Түркия, Сауд Арабиясы, Индонезия мен Жаңа Зеландия» көрсетіпті (60%-дан астам).

«Үшінші Дүниежүзілік соғыстың таяу қалғанынан өз басым қорқамын» деген сауалға былтыр, яғни, 2022 жылы 75% респондент жауап қатса, биыл олардың көрсеткіші біршама кеміп 72,5%-ды құраған.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар